Қарасай ауданына қарасты Көксай ауылында екі полиция қызметкерінің өліміне себеп болған жол-көлік оқиғасының суреттері желіде жарияланды.
ZTB.KZ парақшасында апат орын алған бойда түсірілген суреттер жарияланып, көпшілік ажал құшқан қос полияция қызметкерінің отбасына, жақындарына көңіл айтты.
Еске сала кетейік, бүгін таңғы сағат 05:26 шамасында Көксай ауылында 1992 жылы туған көлік жүргізушісі мас күйінде блок-бекеттегі бетонға келіп соғылып, артынша қызметтік көліктің үстіне түскен. Нәтижесінде қызметтік көліктегі 1978 жылы және 1994 жылы туған полиция қызметкерлері ажал құшты.
1978 жылы туған полиция лейтенанты Жарас Жанғазиев оқиға орынында қаза тапса, 1994 жылғы Дастан Әбдіқанов ауруханада көз жұмған. Қазір апатты жағдайға себеп болған көлік жүргізушісі ұсталып, тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Басып шығару