Алматы әкімдігі соғыс ардагерінен кешірім сұрады (видео)
Алматы қаласының әкімдігі 93 жастағы соғыс ардагерінен арнайы келіп, кешірім сұрады. Кеше әлеуметтік желіде «Мәңгілік алау» мемориалына гүл қоюға келген ақсақалды өткізбеген әкімдік өкілдері туралы видео тараған.
«Біз кінәліміз, кешірім сұраймыз. Бұл шаралардың барлығы коронавирустың таралуына жол бермеу үшін жасалып жатыр», - деді Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Айдар Есенбеков.
Артынша ардагерді өздері мемориалға ертіп апарып, тағзым етуге мүмкіндік берді.
Әлеуметтік желіде тараған видеода мемориалға өте алмаған ақсақал әкімдік өкілі – жас жігітке қолындағы гүлді ұстата салып, бұрылып кеткені көрінеді.