Mazir
29 авг 18:44korilim:2 177 Madeniet

ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

2023 жылғы 25 тамыз күні Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Мен қазақша сөйлеймін» акциясының жүзден жүйрік шыққан жеңімпаздарын онлайн марапаттау рәсімін өткізді. 

Дәстүрлі байқаудың талабы бойынша әр үміткер Мағжан Жұмабайұлы бір шығармасын жатқа оқып, бейнематериалды әлеуметтік желіде жариялауы тиіс еді. 

«Шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілінің этносаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі қызметін нығайту, мемлекеттік тілді меңгерген қоғамдық белсенді өзге ұлт өкілдерін ынталандыру. Акцияға еліміздің барлық өңірлерінен 18 өзге этнос өкілдерінен тұратын 200-ге тарта адамның қатысуы соның айғағы іспетті. Биылғы жылғы Ережеге сай 18 жастан асқан азаматтар ғана қатыса алады деген шектеуге қарамастан, қатысушылардың жас ерекшелігі де әрқилы, белсенділігі де жоғары,– дейді байқауды ұйымдастырушылар, – орыс,  түрік, әзірбайжан этносы өкілдері көптеп қатысқанын айта кеткен ләзім. Жамбыл облысы айрықша белсенділік танытты».

Әлеуметтік желідегі лүпіл саны жоғары үміткерлердің бейне материалдары қазылар алқасына ұсынылды. Арнайы құрылған әділ қазылар ұсынылған бейне материалдарды тыңдап, саралап, салыстыра отырып, лүпіл саны жоғары, оқу мәнері мен дауыс ырғағы, тіл тазалығы ерекше бағаланған Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Шоғы Мұңалұлы атындағы №5 жалпы білім беру орта мектебінің биология пәні мұғалімі Мажитов Абдулазиз Ахмаджонұлы акцияның Бас бәйгесіне лайық деп танылып, 50 мың теңге сыйлыққа ие болды. 

Бірінші орын мен 40 мың теңге Алматы облысы, Қарасай ауданы, Жібек жолы ауылдық округінің Ә.Байсалбаев атындағы орта мектебінің орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Нагима Алиеваға табысталды. Екінші орын мен 30 мың теңге Шымкент қаласындағы №41 Макаренко атындағы мектеп ұстазы Диана Крыкпаева мен Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданының зейнеткері Элла Ким Тян-Сен өзара бөлісті. Теміртау қалалық Тілдерді дамыту орталығының тыңдаушысы Дания Калимуллова мен Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің қызметкері Илья Масенко үшінші орынды қанжығаға бөктеріп, 20 мың теңгеге ие болды.  

Он қатысушы әрқайсысы 15 мың теңгеден ынталандыру сыйлығына ие болды. Бұдан басқа мәнерлеп оқып, шеберлік көрсеткен үздік қатысушылар ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті төрағасының дипломымен марапатталды.

Басып шығару
buy lasuna online cheap - where to buy himcolin without a prescription buy himcolin cheap

where to buy mebeverine without a prescription - colospa 135 mg brand order cilostazol pills

buy cambia generic - voltaren online aspirin canada

buy rumalaya paypal - where to buy shallaki without a prescription buy elavil 10mg without prescription

pyridostigmine 60mg brand - imuran 50mg for sale azathioprine drug

Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15