Әлеуметтік желіде «Талдықорған қаласында коронавирус жұқтырған 1 адам анықталды» деген ақпарат жария болды. Расында, бұл – жалған ақпарат.
Денсаулық сақтау министрлігі 21 наурыздағы коронавирус туралы жағдайды баяндаған мәліметінде Талдықорғанда 1 адам вирус жұқтырған деген еді. Кейінірек ол адамның Алматы облысы, Қарасай ауданында екені айтылды.
БАҚ та тараған ақпаратқа қарағанда, ол 1986 жылы туған ер адам 17 наурызда Ыстамбұл-Бішкек бағытымен ұшып келіп, Қырғыз астанасы Бішкектен көлікпен Алматы облысы Қарасай ауданына келген. Азамат Мекке қаласынан келген екен.
Басып шығару