Mazir
11 дек 10:21korilim:2 136 Madeniet / Kitap isi

АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

 Мемлекет басшысы Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда өскелең ұрпақтың тәрбиесі мен біліміне, ұлттық мүддеге сай келетін кітаптар басып шығаруға ерекше назар аударды. Ол кітап шығару ісі идеологиялық жұмыстағы басты бағыттың бірі екенін атап өтті. Сонымен қатар, Президент халық арасында кітап оқу мәдениетін дамытудың маңыздылығын үнемі айтып келеді. – «Адамды адам еткен – кітап, адамзат еткен – кітапхана» демекші, партияның басшылығымен әр өңірде кітап орталықтары ашылып жатыр. Мақсатымыз – елдегі, өңірдегі ақын-жазушылардың кітаптарын кеңінен насихаттау, өскелең ұрпақтың бойында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру. Облыстық филиал Ұлттық кітап палатасымен меморандумға отырып, бүгінде тікелей баспа бағасымен 700-ге жуық кітап келді. Бұл орталық тек кітап сататын дүкен ғана емес, өңірдің ақын-жазушылары бас қосатын, жаңа кітаптарының тұсаукесері өтетін үлкен орталық болады, – деді «AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы Абдолла Идресов. Атырау облысының құрметті азаматы, филология ғылымының докторы, профессор, ардагер ұстаз Қадір Жүсіп пен Қоғамдық кеңестің төрағасы, партия ардагері Максим Ізбасов салтанатты түрде лента қиып, іс-шара қонақтары орталықтың жұмысымен танысты. Мұнда балаларға арналған кітаптан бастап отандық және шетелдік жазушылардың туындылары, психологиялық, қаржылық тақырыптағы танымдық кітаптардың барлығы бар. – Қазақта «Кітап – білім бұлағы, білім – өмір шырағы» деген бар. Соңғы жылдары халқымыз көп уақыт кітаппен достығын жоғалтып алды. Бүгінгі «AMANAT» партиясының бастамасы ұлттық идеологияға үлкен әсерін тигізетін, сол өшкенімізді жандырып, жоғалтып алғанымызды қайта қалпына келтіріп жатқан жақсы қадам деп есептейміз, – деді Максим Шапихұлы. – Бүгін Атырау қаласында «AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалының ұйымдастыруымен ашылған «Кітап-AMANAT» мәдени-ағарту орталығының негізгі мақсаты өңірдегі жастардың, жалпы халықтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру. Бұл жерде тек отандық ғана емес, шетелдік классик жазушылардың көркем әдебиеттерін таба аласыз. Бұл орталық арқылы өңірдегі жастар өздерінің рухани байлықтарын, кітапқа деген оқу құштарлығын арттырып, әртүрлі өңірлік деңгейдегі ғалымдар мен ақын-жазушылардың кітаптарының тұсаукесерлерін өткізетін мәдени-рухани орталық болмақ. Аймақта ашылған аталған орталық жұмысын университет тарапынан әрқашан қолдайтын боламыз, – деді облыстық мәслихат депутаты, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ректоры Саламат Идрисов. Тұсаукесер салтанатында «AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы Абдолла Идресов пен «Қазақстан Жазушылар Одағының» қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалының директоры Алия Дәулетбаева өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.Барлық құқық қорғалған. Atr.kz белсенді сілтемесін пайдаланыңыз https://atr.kz/madeniet/atyrauda-kitap-amanat-madeni-agartu-ortalygy-ashyldy-2/ 
Басып шығару
о чем рассказ судьба человека http://webgraal.ru как вел себя раскольников после преступления http://snotolkovatelnyi.ru когда ставим двоеточие в предложении https://www.mirtetriks.ru какой корень в слове тяжесть http://sensorfaq.ru в чем различие онегина и ленского

Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15