Қазақстан Республикасы Ұлттық мұражайының директоры Арыстанбек Мұхамедиұлының анасы Күлімхан Төлендиева өмірден өтті. Марқұмның ағайын-туысына қайғырып көңіл айтамыз.
Күлімхан Жүндібаевна 2020 жылы 81 жасқа толар еді. Ажалдың дегеніне адамның айла-амалы жоқ, әттең...
Ол Талғар ауданына қарасты Тұздыбастау ауылында туған. Өмір бойы Сарытауқұм ұжымшарында есепші болып қызмет жасаған. Еңбек Ері, «Күміс алқа», ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордендерінің иесі.
«Марқұмды соңғы сапарға шығарып салу рәсімі 6-қаңтар күні өтеді. 7-қаңтар күні Алматы облысының Қырғауылды ауылында «Сарыптау 1А» мекен-жайынан шығарып, жер қойнына тапсырады», - деп хабарлады Алматы облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы.
Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының экс-ректоры, бұрынғы Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы 1963 жылы 11-ақпанда Тұздыбастау ауылында туған. 1981 жылы Жұбанов атындағы Республикалық арнайы мектепті бітіреді. 1986 жылы Алматы мемлекеттік консервоториясын тәмәмдаған. 2019 жылдың 10-шілдесінен бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық мұражайының директоры қызметін атқарады.
Басып шығару