Алматының Бас санитары Жандарбек Бекшин шаһардағы коронавирус індетінің қазіргі жағдайы туралы баяндады.
Оның айтуынша, дәл қазіргі уақытта Алматы қаласы бойынша коронавирус жұқтырғандар саны – 693 адам. Оның 383-і медицина қызметкерлері екен. 383 науқастың 236-і – Орталық клиникалық аурухана қызметкерлері.
«Сонымен қатар, 40 студент және 15 мектеп оқушысы дертке шалдыққан. 38 адам шет елден келген, 67 науқас – ҰҚК Кеден қызметі академиясының курсанттары, екеуі – авиация қызметкері, 40 науқас – зейнеткер, 55 науқас жұмыссыз болса, 42 адам қатардағы жұмыскерлер», - деді Бекшин.
Еске сала кетейік, 21-сәуір күні Алматы қаласы аумағында коронавирустың 212 ошағы анықталған-ды.
Басып шығару