76 жастағы Джордж Ибатулиннің айтуынша, аурухана оны емдей алмағанымен қоса, оған тіл тигізіп балағаттаған. Дәрігерлер науқастың айыптауларымен келіспейді.
«Мені ұзақ жылдар бойы 2 мәселе мазалайды: қол мен аяқтың ауруы, сондай-ақ ауыздың құрғауы». Осы белгілермен бір жыл бұрын Джордж Зарифович өзінің учаскесіндегі ауруханаға келеді. Емдеу тым ұзаққа созылған. Содан кейін пациент пен дәрігерлердің қарым-қатынас шиеленісіп сотқа жүгінді. Зейнеткердің айтуынша, оған дұрыс диагноз қойылмаған, өйткені денсаулығына байланысты мәселелер әлі күнге дейін өз шешімін тапқан жоқ. Есесіне басқа мәселе пайда болды- клиника басшылығымен. Шағымданушының айтуынша, бас дәрігер оның емдеу жоспарын қайта қарау туралы өтінішіне жауап берген жоқ.
Дәрігерлер науқастың эмоционалды қабілеттілігін, ашушаңдығын, асыра сілтеп жіберетінін атап өтті, - деді қалалық емхананың заңгері Батырғали Амрин.
Айтпақшы, жұмсалған уақыты, жұқарған жжүйкесі үшін ол медициналық мекемеден 1 миллион теңге талап етеді. Зейнеткер бұл ақшаны жеке клиникада емделуге жұмсамақшы.
Басып шығару