Тергеу мәліметінше, ұсталған адамдар республика аумағында, соның ішінде халық көп жиналатын жерлерде террористік актілер жасаған.
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2020 жылғы 14 ақпанда Алматы қаласында жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде деструктивті діни ағымның екі жақтаушысы қамауға алынды, деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.
Ұсталғандардың тұрғылықты жерінде жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде жарылғыш заттар, оны жасайтын бөлшектер, пышақтар тәркіленді.
Күдіктілерге терроризм актісіне дайындық (қылмыстық кодекстің 255-бабы) және терроризмді насихаттау фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды (Қылмыстық кодекстің 256-бабы). Тергеу мәліметінше, ұсталған адамдар республика аумағында, соның ішінде халық көп жиналатын жерлерде террористік актілер жасаған.
Тергеу жалғасуда.
Басып шығару