ҚЫТАЙ ЖАҢА КОРОНАВИРУС АУРУЫНА ШАЛДЫҚҚАНДАР АНЫҚТАЛҒАН БІРНЕШЕ ҚАЛАЛАРҒА КІРІП-ШЫҒУДЫ ЖАУЫП ТАСТАДЫ.
БИ-БИ-СИДІҢ ОРЫС ҚЫЗМЕТІ КОРОНАВИРУС АЛҒАШ РЕТ ТАБЫЛҒАН УХАНЬНЫҢ ОРЫС ТІЛДІ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ӘҢГІМЕЛЕСІП, ОЛАРДЫҢ КАРАНТИНДЕ ҚАЛАЙ ТҰРЫП ЖАТҚАНЫН БІЛУГЕ ТЫРЫСТЫ. СОЛАРДЫҢ БІРІ - АРУЖАН БЕГМАНОВА.
ҚЫТАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СТУДЕНТТЕРДІҢ ҰЙЫМЫ УХАНЬДА 87-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ БАР ДЕП ЕСЕПТЕГЕН. ҚАЗАҚСТАННАН КЕЛГЕН СТУДЕНТТІҢ БІРІ АРУЖАН БЕГМАНОВА ӨЗІНІҢ "ИНСТАГРАМ" ПАРАҚШАСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ҮКІМЕТІНЕ СТУДЕНТТЕРДІ ҮЙГЕ АЛЫП КЕТУІН ӨТІНДІ:
- БАРЛЫҚ МАРКЕТТЕР МЕН ДҮҢГІРШЕКТЕР ЖАБЫҚ, МЕН ҮЙІМЕ БАРҒЫМ КЕЛЕДІ, МЕНІ ҮЙІМДЕ ОТБАСЫМ КҮТІП ОТЫР, МЕН СИЯҚТЫ ЖҮЗГЕ ЖУЫҚ АДАМ БАР. ҮКІМЕТ ҮШІН АЗ БА? БІЗ ҚАЗАҚСТАНҒА БАРҒЫМЫЗ КЕЛЕДІ, - ДЕЙДІ АРУЖАН.
ҚАЗАҚСТАНҒА ОРАЛУЫ АРҚЫЛЫ ҚАУІП ТӨНДІРЕСІҢДЕР ДЕП ПІКІР ЖАЗҒАНДАРҒА:
- БІЗГЕ АУРУ ЖҰҚҚАН ЕМЕС, ЕГЕР СЕНБЕСЕ, ТЕКСЕРСІН, - ДЕП ЖАУАП БЕРДІ АРУЖАН.