Мемлекет басшысының Өкімімен Әнуар Төлеуханұлы Садықұлов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары — «А» Арнайы мақсаттағы қызметінің директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда сайтында.
Садықұлов Әнуар Төлеуханұлы 1967 жылы туған. Алматы ветеринарлық институтын бітірген (1984-1991); Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті (2000). Жұмыс тәжірибесі: · Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің қызметкері, аға офицер, бөлім бастығы, бөлім бастығы, 2-ші бөлім бастығы, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі 1-бөлімі бастығының орынбасары (10.1992-2006)
1-бөлімнің бастығы — Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі басшысының орынбасары (03.2006-01.2012);
· Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі басшысының бірінші орынбасары — Президенттің Қауіпсіздік қызметінің басшысы (01.2012-01.2013);
· Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Арыстан қызметінің басшысы (01.2013-03.2013);
· Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің басшысы (03.2013-04.2014);
· Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің басшысы (04.21.2014-07.2014);
· Төрағаның орынбасары — Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Арыстан қызметінің бастығы (07.2014-06.2019);
· Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің басшысы (06.2019 ж. Бастап).
Басып шығару