Еліміздің кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі

Батыста, солтүстік-батыста, солтүстік-шығыста және оңтүстікте жаңбыр жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, жел күшейеді.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында желдің күшеюі 15-20, кей жерлерде 23-28 м / с болады деп күтілуде.


Қызылорда облысында кей жерлерде 15-20 м / с жел тұрады, түнде және таңертең 25 м / с, кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде қар жауады, көктайғақ, желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м / с күтіледі.

Атырау және Жамбыл облыстарында тұман, көктайғақ, қарлы боран, желдің күші 15-20 м / с дейін күшейеді. Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында кей жерлерде көктайғақ күтіледі, желдің күші 15-20 м / с.


Түркістан және Маңғыстау облыстарында кей жерлерде тұман түседі, жел 15-20 м / с дейін күшейеді.


Алматыда ауа-райы болжамы: күндіз -1 °, бұлтты.

Нұо-Сұлтанға арналған ауа-райы: күндіз -2 °, күн бұлтты, қар жауады.

Сондай-ақ оқыңыз

Пікір қалдыру

Тек тіркелген пайдаланушылар пікір жаза алады.
Тіркеуден өтіңіз немесе кіріңіз