Белгілі актер Михал Ефремов үкім кесілгеннен кейін жазасын қандай колонияда өтемек? Бұл туралы зейнет жасындағы полковник Василий Макиенко айтып берді.
Оның айтуынша, сотталғандардың басым бөлігі бекітілген аймақта жазасын еңбекпен өтейді. Олар көбіне жақын маңдағы совхоздарда жұмыс істейді.
«Ефремовты онда жібере қоюы екіталай. Ол ағаш кеспейді. Өйткені, зейнет жасындағы адам. Ол кітапханашы болуы мүмкін. Отырып, кітапшалар толтырып, оқырмандарға кітап береді. Тіпті, ештеңе істемеуі де мүмкін. Бірақ құсалық есіңді шығарады», - дейді Макиенко.
Макиенко мұндай жағдайда жаза өтейтіндердің басты айырмашылығы – ақшасын емін-еркін жұмсауы, қалаған нәрсесін сатып алуы.
«Әрине, олар ішімдік сатып ала алмайды. Сауығу жүреді бұл жерде. Тіпті, сот Ефремовты ішімдікке құмарлықтан айықтыруға жіберер. Ал мейрамхана тамағын сатып алуға әрбір айыпталушының құқығы бар. Барлығы телефон арқылы немесе онлайн түрде жүзеге асады», - дейді полковник.
Оның айтуынша, сотталғандар ұялы телефондарын қолдана алады. Дегенмен, нақты бір уақыт аралығында оны тапсырып отыруы тиіс. Полковник Ефремовтың ноутбук қолдануға мүмкіндігі болады дегенді де жоққа шығармайды.
Полковник Ефремов өзін тәртіпті ұстаса бостандыққа уақытынан бұрын шығуы ықтимал екенін жасырмады.
Басып шығару