Шенген визасын беру ережелеріндегі өзгертілген тәртіп 2020 жылдың 2-ақпанынан бастап күшіне енеді. Дәл осы күні Шенген келісіміндегі 26 мемлекеттің шекарасына өту үшін қажет болатын визаға қатысты Виза кодексі заңды қолданысқа қосылады. Айта кету керек, Шенген келісіміндегі 26 мемлекеттің 22-сі Еуропалық Одақ құрамындағы елдер. Осы аумаққа ат басын бұрғысы келетіндерге, нақтысы 104 елдің азаматтарынан виза сұралады.
Енді оқырман назарына виза заңнамасына енген өзгерістерді көрсетелік:
Оқырмандарға барлық пункт түсінікті болуы үшін әр өзгерісті тарқата жазуды жөн санадық. Парақтай түсіңіз.
Виза жарнасы 20 еуроға өсті. Бұрын Шенген визасын 60 еуроға рәсімдей алсаңыз, 2020 жылдың 2-ақпанынан бастап бұл қызмет үшін 80 еуро төлейсіз. Екі санатқа кіретін болсаңыз, бұрынғы 35 еуроның орынына 40 еуро төлеуге тура келеді. Бұл екі санат:
Ал 6 жасқа дейінгі балалар виза міндетінен босатылған.
Шенген визасына өтініш білдіру уақыты 3 айдан 6 айға дейін ұзарды. Бұл визаға жарты жыл бұрын өтініш білдіру мүмкіндігі бар деген сөз. Төменгі межелі уақыт – сапардан 15 тәулік бұрын.
Теңізшілер өтінішті тоғыз ай бұрын бере алады, тіпті. Тек олардың сапары кәсіби деңгейде болса жеткілікті.
Шеген келісіміне мүше елдерге Виза кодексі тұтынушылардың визаға электронды тапсырыс беру мүмкіндігін жасап беруге міндеттеді. Құжатқа визаға тапсырушы мемлекет мақұлдаған электронды қолтаңбаны қоюға болады. Дегенмен, өзіңіз баратын мемлекеттегі елшіліктен бұл мүмкіндік турасындағы ақпаратты растап алғаныңыз абзал.
Жаңа кодекс Шенген келісіміне мүше елдерге үкіметтік ұйым жасауға шарт қойды. Бұл ұйымдардан сіз Шенген визасын рәсімдей аласыз.
Осы екі нысан сізге Шенген келісімне мүше елдерге бару үшін қажет болатын визаны жасап бере алады. Делдал компания виза жасау үшін алатын ақы мөлшерін 33 600 теңгеден асырмауы шарт.
Бес жылдық визаны Шенген келісімндегі елдер аумағына көп сапарлаған және визалық өтілі жоғары адамдар ала алады. Әсіресе кәсіби сапармен жүрген адамдарға, теңізшілерге, кәсіпкерлерге, суретшілер мен спортшыларға визаны ұзақ мерзімге алу жеңіл шешілмек.
Бұл үшін төмендегідей бірқатар шарттарды орындау қажет:
Бұған дейін Шенген визасын беру туралы шешім сапардан 60 күн бұрын қабылданатын-ды. Енді жаңа заң бойынша бұл мерзім 15-45 күн аралығы болып өзгерді.
Сақтандыру – Шенген визасына өтініш білдірушінің сапар мақсатынан тыс қажеттілігінің бірі. Шенген визасын ұзақ мерзімге алуға мүдделі адамның міндетті сақтандыруы болуы тиіс.
Сақтандырудың шетелдегі әрбір күні 1 еуро тұрады.
Сапар мақсатына қарай құжаттар тізімі өзгеруі ықтимал. Қажет құжаттарды сайттан және елшіліктен анықтауға болады. Негізгі құжаттар:
Алғаш визаны қай елге алсаңыз, сол жерге жеткен уақытта елшілікке хабарласып, басқа елдің аумағына өтуге болады. Негізі, Шенген визасы арқылы осы келісімдегі 26 мемлекеттің аумағында жүруге рұқсат.
Көп жағдайда Шенген визасы өз елімен қарым-қатынасы нашар адамдарға берілмейді. Бір сөзбен айтқанда, сізде кез келген жағдайда елге қайтуыңызға себеп болуы тиіс.
Шенген визасына берілген өтініш қабылданбаса, төленген жарна қайтарылмайды.
Басып шығару