Джеки Чан коронавирустық вакцинаны жасаушыға миллион юань уәде етті

  • 09 фев, 14:24
  • Көрілім: 408

Актер бұл қаражат дәрі-дәрмектің пайда болуын тездетеді деп үміттенеді.

Голливуд актері Джеки Чан коронавирустық вакцинаны жасайтын ғалымға миллион юань (54 миллион теңге) сыйақы жариялады.

Танымал жекпе-жектің шебері және режиссер қытайлық Weibo әлеуметтік желісінде өз ұсынысын жариялады.

«Мен гүлденуі тиіс бос көшелерді көргім келмейді. Мен өмірден ләззат алуы тиіс қайғылы адамдарды көргім келмейді» - деді Джеки Чан.

Актер ғалымдар қауымдастығын жеке қолдауға дайын екенін жазды. Ол сыйақыны қандай елде жасалынғанына қарамастан кез-келген зерттеушіге беруге уәде берді. Ең бастысы, препарат тиімді және вирус жұқтырған адамды құтқара алуы керек.

Джеки Чан өзі үшін миллион юань аз ақша екенін айтты. Қытай қалаларының көшелері қараусыз қалмағаны маңызды. Бүкіл әлем қалыпты жағдайға оралуы керек, деп санайды актер.

Сондай-ақ оқыңыз

Пікір қалдыру