Қытай дәрігерлері Қазақстандағы жұмысын аяқтап, еліне қайтты. Оларды Қытайға Қазақстанның әскери ұшақтары жеткізіп салған. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі мәлімдеді.
10 қытайлық дәрігер Қазақстанға 45 күн мерзімге келген. Осы уақыт аралығында көршілеріміз медициналық нысандарды аралап, түрлі семинарлар, тренингтер өткізді. Коронавирус инфекциясымен күрес жолындағы тәжірибелерімен бөлісті.
Шараларға әскери дәрігерлер да қатысты. Олар қазіргі уақытта коронавируспен күресуде үлкен күш болып, қызмет жасап жатыр.
Қытайлықтар 15 күн ішінде 44 онлайн және оффлайн конференция, 35 лекция және тренинг өткізіп, 10 790 адамды оқытқан, 500-ден аса сұраққа жауап берген.
«Қытай дәрігерлері медицина қызметкерлерін қорғауға баса назар аударды. Қазір Қазақстанда медицина қызметкерлері жаппай инфекция жұқтыруда. Олар бұған қатты уайымдады», - деп жазды Қазақстандағы ҚХР елшілігі.
Қазір елімізде коронавирус жұқтырғандар саны – 2 289 адам. 560 адам жазылып шықса, 20 адам қаза тапқан.
Басып шығару