ҚАСЫМ - ЖОМАРТ ТОҚАЕВТІҢ ҚХР САПАРЫ СОҢЫРА АЯҚТАЙДЫ.
Сапардың соңғы күні жалпы қытайда болып жатқан жаңалықтарға НҰРҒАЛЫИ НҰРТАЙ шолу жасапты. Журналистің лездік шолуын ФБ парақшасынан көшірдік.
Президент Тоқаевтың ҚХР сапары аясында Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен кездесуінде 10 ірі келісім жасалды. Соның бірі ҚР Үкіметі мен ҚХР Үкіметінің арасындағы ҚХР Үкіметінің Қазақстан тарапына суперкомпьютер беру жобасы жөніндегі ынтымақтастық туралы келісім. Бұл мені көбірек қызықтырып отыр.
Жалпы, Қытаймен Қазақстанның саяси байланысы жаман емес. Дипломатиялық ынтымақтастық әлдеқашан орнатылған. Бұл жолғы мемлекет басшысы сапары көбірек экономикалық әріптесттікке бағытталған. Соның аясындағы көзделген басты бағыттың бірі Қытайдың IT индустариясын қолдану сияқты. Неге десеңіз жоғарыдағы келісім бір бөлек, президент Тоқаев бүгін Ханчжоуға Джек Мамен кездесуге барды.
*
Сіздерге Қытайда соңғы 24 сағатта болған IT жаңалықтарды жеткізейін:
Әлемнің ең үлкен сауда компаниясы Alibaba-ның құрушысы Джек Ма 20 жыл бұрын құрған осы компаниясынан кеше мыңдаған қонақ толған олимпиада стадионында рок концерт беріп қоштасты да, зейнетке кететінін мәлімдеді.
*
Қытайдың Ғарыш білімдері және Технология агенттігі кеше 2022 жылы аяқтауды жоспарлаған Ғарыш станциясының басты кабинетін моделдеу кезеңіне ресми кіргенін мәлімдеді.
*
Режимі бөлек десеңіз де кеше Гонконг биржалар және айырбас компаниясы Лондон биржасын 32 млрд. стерлингке сатып алуға тілек білдірді. Осы компания 2012 жылы Лондон метал биржасын 1,4 млрд. стерлингке сатып алған болатын.
*
Джордж Сорос кеше мәлімдемесінде президент Трампты қолдап, "Трамп үкіметінің ең үлкен, бәлкім жалғыз жетістігі Қытайға экономикалық санкциялары. Қытай жасанды интеллект пен машина үйрену ғылымында аса қауіпті бәсекелес" деп мәлімдеп, Huawei-дің қара тізімде жата беруі АҚШ үшін тиімді екенін айтты.
*
Ал, осы АҚШ санкция салған тағы бір ел Иранның мұнай және табиғи газ секторына Қытай 280 млрд. доллар инвестиция салатынын мәлімдеді. Сондай-ақ, Иранның тасымал және технология инфрақұрылымын да жаңаламақ.
*
Сербия Қытайдың орта қашықтықты қарулы ұшқышсыз әуе құралдарынан 9 дана алуға келісім жасасқанын мәлімдеді. Егер бұл алым іске асса Сербия Қытайдың Wing Loong Ұшқышсыз әуе құралдарын алған алғашқы Еуропа елі болады.
*
Қытайда осы сияқты жаңалықтар көп. Бізде қытайфобиясы қалыптасқан. Әлбетте егер біз оларды қара еңбек күші ретінде қарасақ бізге экспанциялық агрессиясы бар. Алайда, біз олардың технологиялық мүмкіндіктерін тиімді пайдалана білсек, онда мемлекеттік дамуына шынымен де эффективті септігі сөзсіз болатыны анық.
Айтпақшы, жаңа ғана шыққан ақпаратқа сай Ресейдің Яндекс компаниясы 100 мың IT маман дайындауға 5 млрд. рубль бөлгенін мәлімдеді.
Мүмкін, зейнетке кеткен Джек Маны Қазақстан президентіне ақылшылыққа шақыру керек те шығар.
Не дегенмен де, президент Тоқаевтың есебі үлкен екеніне сенімдімін!