Mazir
10 сен 14:58korilim:3 152 Sayasat / Halyqaralyq

QYTAI DEGEN KIM?

ЕЛІМІЗДІҢ  ПРЕЗИДЕНТІ  ЕРТЕҢ  ҚЫТАЙҒА  БАРАДЫ.

ЖАҢАӨЗЕННЕН ШЫҚҚАН ЖАҢҒЫРЫҚ ЖАЛПАҚ ДАЛАҒА ЖАЙЫЛДЫ. 

ҚАЗАҚ ЖҰРТЫНЫҢ ҚАРЫЗДАН БАС ТАРТУ ТУРАЛЫ, ӘСІРЕСЕ ҚЫТЫЙ ҚАРЖЫСЫНАН ҚАШЫҚ БОЛУ ТУРАЛЫ ТАЛАПТАРЫ “АРАНДАТУШЫҒА СЕНУ” ДЕП СИПАТТАЛУДА. ЕГЕР, БІЗДІҢ БИЛІКТІҢ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА  ЖАҚЫНДЫҒЫ МОЙЫНДАЛСА (“КЕЗ КЕЛГЕНІҢДІ ТНРМЕГЕ ТОҒЫТА АЛАМЫН” ДЕГЕН СӨЗДІ ЕЛБАСЫ АЙТЫП ЕДІ) “АРАНДАТУШЫСЫЗ-АҚ” АЛАҢДАУҒА НЕГІЗ БАР ДЕП ОЙЛАЙМЫЗ.


Қытай инвестициясының күдікті қырлары

Қытайдың валюталық қоры 3.4 трл.$. Әлемдегі ең қомақты қор. өндіруші-өңдеушілік қуаты да мығым. Өзге қаржыға зәру дамушы елдер үшін ҚХР орасан тартымдылыққа ие. Қытай  оларға тікелей инвестиция салады, несие береді, тіпті, қаржылай бодаусыз көмек ұсынады. Бұл ол елдердің қаржы тапшылығын жеңілдетіп, экономикалық өсімге қол жеткізуіне, жұмыссыздықты азайтып, тұрғындардың табысын үстеуге игі ықпал ететіні шындық. Солайда оның ұзақ мерзімдік әсері біраз елдердің алаңдаушылығын туғызып отыр. Әңгіменің ауаны көбінде, осы инвестициялау мен несие берудің жолдары мен тәсілдеріне байланысады. 

     Қытай инвестициясының ауқымды бөлігі  инвестиция қабылдаушы елдің стратегиялық немесе, инфрақұрылымдық нысандарына бағытталады.  Ал оны Қытайдың мемлекеттік кәсіпорындары игереді. Сөйтіп, бірінші кезекте, олардан үкіметінің кепілдігін талап етеді әрі оған қол жеткізеді де. Сонымен бірге сол нысанның ұзақ мерзімдік табысымен бөлісуді қаржыны кері қайтарып алудың шарты етіп қояды. Бұл өз кезегінде, тиісті нысандарды шеңгелдеу мен қаржы қайтпай қалған жағдайда оларды басып қалу қауіпін тудырады. Ол-түптеп келгенде, анаy елдің экономикалық тәуелсіздігіне саятын мәселе! 

      Сонымен бірге, олар инвестицияны қаржылай емес, техника – жабдық, немесе, шикізат түрінде беруді шарт етіп қояды. Бұл инвестиция қабылдаушы тарапты қытай техникасына тәуелдейді. 

      Қытайлықтардың инвестиясы техника-жабдық, қызмет өтеу түрінде боласын оның  құнынын асыра есептейтіні жиі байқалуда. Мысалы, 2016 жылы Қытай үкіметімен келісілген Малайзияның шығыс жағалау теміржолы құрылысының бастапқы жобалық құны 16 млрд $-ға болатын. Кейін Махатһир үкіметінің табанды позициясының арқасында 10.7 млрд $-ға дейін төмендетілді. Айырма 6 милиярд. Сол сияқты, 2018 жылы қазанда Пакистан теміржол минстрі әуелде 8.2 млрд $-ға межеленген Пакистанның теміржол жобасының құнын да табанды келіссөсдерден кейін 6.2 млрд $-ға  кемітуге қол жеткізгенін мәлімдеген. Мьянма билігі де Ракхайн штатында Қытай қаржысымен салынатын терең сулы айлақ құрылысының жобалық құнын да әуелгі 7.3 млрд $-дан 1.3 млрд $-ға дейін – алты есеге жуық төмендеткізген болатын. Демек, Қытайлық “алтын жобалардың” шын мәнінде алтын емес, жез құнына әзер татуы да әбден мүмкін. Осы арада, көбінесе, инвестиция қабылдаушы тараптың билігіндегі жемқорлық, олармен жең ұшынан жалғасу, ішінара құзырлы шенеуніктерді “жемге үйрету” сынды дағдылы тәсілдердің сұлбасы елестейді. 

       Қытайлық несиелер мемлекеттің қайтарымсыз көмегі, өсімсіз несие, жеңілдік несие сияқты түрлерімен белгілі. Мұның қайсы түрінің болса да, таза экономикалық мәнінен бөлек, тұтас Қытайлық бір жақтылы мүддеге қызмет ететіндігінің белгісі көп дейді сарапшылар. Мысалы, Қытай эфиопия астанасы Аддис-Абееада 200 млн АҚШ долларына Африка одағының(АО) бас штабы ғимаратын салып сыйға тартты. Қайтарымсыз сауға. Биіктігі 100 метрден асатын осынау көркем ғимараттың ендігары тек АО үшін ғана қызмет етіп қоймай,  қолы ашық инвестордың мүддесін де назардан тыс қалдырмасы шүбасыз болса керек. 

      Несиелік нысандардың көбісінің қайтарымды қаржылай емес, Қытайға тым керекті энергия немесе шикізатпен айырбастауға, өніммен есептесуге мүдделілігі де тегін болмаса керек. Инвестор осы арқылы тиісті жобаға немесе оның өніміне ұзақ мерзімге ықпал ету тетігіне де қол жеткізеді. 

       Қытайлық несиенің халықарада “ҮРЕЙ” тудырып отырғаны, оның “аса қолжетімділігі” және оған “несие батпағына” батып қалу қауіпі. Қытай несиесі өтем мөлшерлемесінің еуропадан әлдеқайда төмендігімен ерекшеленеді, оған жоғарыдағы техника-жабдықпен (Қытай жабдықтарының еуропадағы ұқсас баламасымен салыстырғанда әлдеқайда арзан екендігі белгілі) инвестициялау, өнімді қайыра сатып алу сияқты тиімділіктерді қосыңыз. Осының барлығы қарыз алушыны “несие иіріміне” алып кетуі мүмкін. 

Осындайда, көбінше, соры қалың Шриланканың мысалы ауызға алынады. Бұл ел Қытайдан қарыз алып, Хамбантота портын жасақтайды. Артынан уақытылы өтелмеген қарызының бодауына сол порттың 99 жылдық игеру құқығын беріп жіберуге мәжбүр болады. Шығыс Африкада Эфиопия дейтін мемлекет бар. Бір миллионнан сәл асатын ғана жан саны бар бұл елдің қазірге дейінгі сыртқы берешегі 26 млрд доллар болса, осы соманың 13 млрд-тан астамы Қытайға тиесілі екен. Сонымен қатар бұл елде 200 мың Қытайлық тұрып жатқан көрінеді. Инвестициялау, несиелеу, бірлескен жобаларды атқару сықылды себептермен, (бәлкім, сылтаулармен) “адам экспорттау” да Қытай инвестициясының күдікті қыры болып көрініс беруде. Бүгіндері Ангола, Оңтүстік Африка сынды елдерде Қытайлықтар жарты миллионның межесін көрсетуімен қатар, олар қауыпсіздік қажеттіліктері үшін өздеріне жергілікті полициямен қолтықтаса жұмыс жасайтын құралды “қорғаныс жасақтарын” құрып алған. 

Қытайдағы экологиялық және құқықтық сана тәрбиесінің төмендігі олар тұрақтаған жерлеріндегі қоршаған ортаға ауыр зардаптар келтіреді деп те айтады. Олардың шетелдердегі бірлескен жоба алаңдарындағы менмендігі мен жергілікті жұмыскерлерге жалақы саясаты да сүйкімін жиі кетіріп жүр.

        Жалпы беттік стратегиялық әріптес әм ірі сауда-инвестиция серіктесіміз есебінде, шығыс көршіміздің елімізде өз алдына немесе, бірлесіп атқарып жатқан жобалары біршама. Ақтөбе және Маңғыстау мұнайының бірлесіп игерілуі, НҰР-СҰДТАНДАҒЫ LRT жобасының шу-шурқаны қарапайым қазақты алаңдатса “АРАНДАТУДЫҢ” желі қай жақтан шыққанын аңғару қиын болмас. 

Үлкен көршімен жан-жақтылы жарасымды, жағымды қарым-қатынаста болудың жолы жемқорлықсыз келісім, ел тәуелсіздігіне, ұлт мүддесіне нұсан келтірмейтін, әр екі жаққа тиімді  тең қатынас жасау екені анық.

       АҚОРДА НАЗАРЫНА!   

                              Құрмет Қабылғазыұлы

Басып шығару
where can i buy lasuna - purchase himcolin pill himcolin price

besifloxacin sale - cheap carbocisteine pill buy sildamax no prescription

buy celecoxib pill - order indocin 75mg generic buy generic indomethacin

voltaren over the counter - order aspirin online cheap buy aspirin 75 mg online cheap

rumalaya canada - buy rumalaya medication amitriptyline without prescription

pyridostigmine brand - imitrex 25mg oral cheap imuran 25mg

order voveran online - cheap voveran generic brand nimotop

Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15