Дәрігерлер Атырау облысындағы ауылда болған атыстан жарақат алғандардың жағдайы туралы айтты.
Біршама уақыт бұрын Атырау облысы Қызылқоға ауданының Сағыз ауылында атыс болып, 6 адам зардап шеккені хабарланған.
«Атырау-Ақтөбе» тасжолының 331-шақырымында жастар бір-біріне оқ атқан. Кейіннен атыста жараланған бір адам ауруханада қайтыс болды.
Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жарақат алғандардың біреуі үйіне жіберілген.
«Бір ер адам Мақат аудандық ауруханасына жеткізілді. Оның жағдайы тұрақты, өміріне төніп тұрған қауіп жоқ. Қазір ем-дом алып жатыр. Ал үш адам түрлі жарақаттармен облыстық ауруханаға жатқызылды. Олар аурухананың травматология бөлімшесінде дәрігерлердің бақылауына алынды», - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.
Басып шығару