Mazir
16 дек 13:44korilim:2 791 Қоғам

«Намыстанып жыладым, налып жыладым»: Желтоқсан оқиғасының куәгері сұмдық жайттарды жария қылды


Биыл тарихта «Желтоқсан оқиғасы» деген атаумен қалған қазақ жастарының Мәскеу шешіміне қарсы көтерілісіне 34 жыл  толды. Bairaq.kz тілшісі 1986 жылдың «Желтоқсан көтерілісіне» қатысқан, қазір Алматы көпсалалы колледжінде ұстаз  Қабдығалиева Толғанаймен сұхбат жүргізді. 

Желтоқсан оқиғасына қатысқан өзге ұлт өкілдері болды ма?

Жоқ. Мен өзге ұлт өкілдерін көрген жоқпын. Жаны қазақ болып кеткен бір жігітті естідім. Бірақ ол Шығыс Қазақстанда болған. 

Алаңда ең көбі неше жастағы қыз-жігіттер еді?

Ең жасы 68-ші жылғылар болды ғой. Мен 24 жаста едім. Ол кезде отбасын құрғанбыз.

Алаңға жолыңыз қалай түсті? Бейбіт шеру өтетінін қайдан естідіңіз?           

Төбемізден суық су құйып жібергендей болды

Біз алдын ала кезекті пленум болады деп естідік. Жоғарғы оқу орнында оқып жүрген кезімізде Қазақстан Компартиясының бірінші хатшысы, яғни, Дінмұхаммед Қонаев ағамызды орнынан алып, оның орнына басқа біреу болады екен деді. Іштей сол пленумды күтіп жүрдік.  Бірақ біз қазақты алып тастап, орнына орысты қояды екен деп ойлаған жоқпыз ғой. Қай қазақты қояды екен деп ойлап жүрдік.  Кез келген жағдайда өз ұлтымыздан болуы керек. 16 желтоқсан күні пленумды естіген кезде төбемізден суық су құйып жібергендей болды. Қазақстанды тек карта арқылы білетін, айдаладан келген Геннадий Колбин деген басшы болып сайланыпты.  Әлбетте, мұндай жағдай адамның жігер отын қайнатады ғой. Қанымыз басымызға шапты, намыстандық. Мен соны естіген кезде өкіріп жыладым. Біреулер күлді, бірақ мен намыстанып жыладым, налып жыладым. Себебі, мен Шығыс Қазақстан облысы Өскеменде интернатта оқыдым. Орыстардың теперішін көп көргенбіз. Орысқа қарсы сөз айтпасақ та, бізді кемсітетін. Көшеде келе жатқанда «қарлығаштар» келе жатыр деп айтатын. Сондай шовинизмді көріп өскеннен кейін біз ұлтшылмыз. Ол кезде тарихымызды білмейміз, ешкім оқытпайды. Ақиық ақынымыз Қадыр Мырза-Әлі айтқандай: 

«Менің бабам қақтаған қыр аптабы

Көшіп-қонып, ұрпағы тұрақтады.

Біздің тарих бұл да бір қалың тарих,

Оқулығы жұп-жұқа бірақ-тағы».

Бірақ ақын-жазушыларымыздың шығармаларын көп оқыдық. Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» кітабын қолдан-қолға тарап, кезекке тұрып оқитынбыз. Сол шығармалар бізді отансүйгіш, патриот, ұлтшыл болуға тәрбиелеген болуы керек. 

                      Эй дураки вы казахи, куда собираетесь?

Соны естігеннен кейін өзімізді қоярға жер таппадық. Бірақ «дүмпу» болады деген іштей бір сезім болды. Бәріміз іштей қайнап, жұдырығымызды түйіп жүрддік. Бір уақытта мен жатақханаға бір жұмыстармен келе қалдым. Барлық жерде осы туралы ду-ду әңгіме. Жатаханаға келсем бір топ жігіттер үгіт-насихат жасап жүр. Ести салып, өз жатақханама барған соң, осындай боп жатыр екен деп айттым. Қасымыздағы жатақханаға барсақ, өздері де хабардар екен. Барлығымыз улап-шулап шығып келе жатсақ, орыс вахтерлар «эй дураки вы казахи, куда собираетесь» деді. Үндемей кетіп қалдық. 16 күні біз «Менің Қазақстаным», «Атамекенді» айтып шерумен жүріп өттік. Есімде қалғаны, бір әйел «Сәкен, Бейімбет, Олжас» деді. Бізде соған қосыла кеттік. 

                                 Жарақат алғандарды емдеумен айналыстық...

Сабаққа барайын деп кетіп қалғам. Корпусқа барсам ешкім жоқ. Алаңда көбі ән айтып қалып кеткен еді. Ойымызда ештеңе жоқ, көтеріліс болады деп ойламадық. Осы уақытқа дейін кетіп қалғаныма өкінемін. 3-ші трамвайға мініп, жатақханаға келдім. Келсем көбі таяқ жеп, жарақат алып келген екен. Алаңға қайта баратын болып келістік. Аяқ киімімнің табаны тайғақ болған соң картоптың ортасын тіліп табанына жақтым да, алаңға қарай беттедік. Қараңғы түсіп кеткенмен ешкім кетпей қойды. Алаңға әскери адамдар әкелді. Оларға бұйрық бергенмен орнынан қозғалған жоқ. Алаңның ортасына кіре алмадым. Ішіне кірсең құлайсың. Құласаң бітті, тұра алмайсың. Мәулен мен Сержан деген жігіттер бар үшеуміз жүрдік. 17 желтоқсан күні алаңға қайта барғанбыз. Сол күні қатты болды. Сол күннің барлық шындығы әлі ашылған жоқ қой. Дубинкамен қыздардың да, ұлдардың да қарақұсынан ұрып жатты. Әлбетте олар есінен танып құлайды. Жастар төтенше жағдай енгізгеніне қараған жоқ. Орыс вахтерлар біздің жатақхана студенттерін сыртқа шығармай қойған. Терезеден шығып кетіп жатты. 95% жастар алаңға барды. Өзіміздің әскерилер қозғала қоймаған соң сырттан қарулы жасақ әкелді. Сол күндері үйімнен 60 сом ақша келген. Ақшама бинт, йод, мақта сатып алдым. Ауыр жарақат алған жастарды сүйреп алып келеді. Санитар болып, белсенді жұмыс жасадық. 

Ауыр жарақат алған, итке таланған қазақ қыздары көп болды ма, емдедіңіз бе?

Көпшілігі басынан жарақат алған. Бастары жарылып, қолдары сынған жастар келді. 

Мінбердің тура алдында суретке түсіп қалған таныстарыңыздың кейінгі өмірі қалай болды? Қудаланды ма? 

Жолдасымның суреті бар. Екеуміз де бардық. Бір суретте менің курстасым болды. Бірақ оны қудалаған жоқ.

Сотталғандарды босату туралы акцияға қатыстыңыз ба? 

Үш күн жатқандарды соттаған жоқ. Он күн жатқан жастарға қылмыстық іс қозғалды. Жолдасым ұсталып, он күн жатты. Жолдасым Сейфуллин көшесінің бойында қамауда болды. Таяқты әбден жеген, бет-ауызы ісіп кеткен. Күзетші қазақ жігіт күйеуіңді көру үшін коньяк алып кел деді. Жиналып бір коньяк алып беріп, жақындарымызды көрдік. 

                    Құрбымды сол күні ертіп шыққаныма әлі өкінемін...

Екінші күні Айгүл деген құрбыма алаңға жүрсейші дедім. Ол тұмауратып ауырып жатқан. Асперин беріп едім, өзін жақсы сезініп тұрғанын айтты. Ертіп алып, үйлердің арасымен алаңға беттедік. Құрбым әрі қарай бара алмайтынын айтты. Жақын жердегі сіңілісінің үйіне қарай кетті. Екеуміз сол жерде қоштастық. Содан кейін оны көрген жоқпын. Желтоқсан оқиғасы бітіп кеткеннен кейін іздедім. Уайымдай бастадым. Бір күні ұйықтап жатсам біреу "вставай красавица" деп түртті. Орыс, қазақ, ұйғыр жігіттер келіп тұр екен. Дауысы жағымсыз естілді. Бір жерге алып келді. «Бунтовщица» деген секілді неше түрлі сөздер айтты. Неге бардың деп сұрады. Көруге бардым деп жауап бердім. Оқудан шығасың деп қорқытты. Мен ол жерге барғаным жайлы айғақ жоқ еді. Құрбым ұсталып қалып, шынын айтыпты. Қатты қинаған, жатыр тұсынан тепкен. Құрбымды сол күні ертіп шыққаныма әлі өкінемін. Кейін мені жек көріп жүрді. 22 желтоқсан күні оқудан шыққандардың тізімі шықты. Көпшілік маған қырын қарап жүргендей көрінетін. Тізімді қарасам менің де аты-жөнім бар екен. Оқудан шығып кеткеніме титтей де өкінгенім жоқ. Жолдасым да оқудан шығарып жіберді.

Көтеріліс кезінде қазақ жастарын қолдаған билік өкілдері болды ма? Болса, олар кімдер?

Серік Қонақбаев болды. Түтігіп, жұдырығын түйіп, қалшылдап тұрды. Бірақ алаңның ортасына кірген жоқ. Олжас Сүлейменовтың трибунаға сұранып тұрғанын көрдік. Көліктің ішінен "Тараңдар" деген дауысты естідік. 

Қазіргі күні «Желтоқсан көтерілісіне» қатысқандардың күші бар ма? Жыл сайын жиналып тұрасыздар ма? 

Қазіргі кезде ол үлкен күш. Желтоқсаншылар саяси тұтқындар Макс Боқаев, Арон Атабектерге бостандық сұрап, әкімшілік алдына барған. 

Желтоқсан оқиғасынан кейінгі қоғам келбеті қалай өзгерді? Көпшілік қазақтардың еңсесі көтерілді дейді. Сіз осындай өзгеріске куә болдыңыз ба?

Басында басылып қалды. Бірақ олар да қорықты. Колбин былай айтқан: Мен бір жылдың ішінде қазақша үйренем. Қазақтың рухы көтеріліп қалды. 

Күні бүгін Желтоқсан көтерілісіне қатысқанын дәлелде гісі келетіндер көп. Дәл осындай азаматтық статус алғандардың өміріне өзгеріс енді ме? 

Мен елім үшін күрескенімді ешқашан бұлдамаймын. Қазір кейбір қатыспай-ақ кеуде соғып жүргендер бар. Желтоқсаншылардың ұйымында мүлдем қатыспағандар да жүр. Олардың сөздерінен белгілі болады. 

Желтоқсан оқиғасына қатысқанын дәлелдеп алып, өз мүддесін күйттеп жүргендер бар ма?

Бар ғой. Шет жағасына барып алып, кеуде соғып жүргендер бар. 

Дәл сол оқиғадан соң мүгедек болып қалған, тіпті, өмірден өткен таныстарыңыз бар ма? 

Көп қой. Талдықорғандағы бір қызды білемін. Ауыр соққы алып мүгедек болып қалған. 7-8 жылдан кейін қайтыс болды.



Басып шығару
purchase lasuna sale - buy diarex no prescription cheap himcolin tablets

besivance brand - carbocysteine price cheap sildamax generic

neurontin 100mg pill - oral neurontin sulfasalazine 500 mg drug

brand celecoxib 200mg - buy cheap flavoxate order indocin 50mg online

colospa order - buy cheap generic mebeverine pletal 100mg sale

voltaren 100mg drug - aspirin 75mg cost buy aspirin generic

order rumalaya - rumalaya usa brand endep 50mg

pyridostigmine oral - buy azathioprine paypal buy imuran 50mg

purchase voveran generic - cheap voveran for sale purchase nimotop pills

Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15