Mazir
15 ноя 21:13korilim:4 577 Halyqaralyq / Қоғам

Әлемдегі ең қауіпті 10 маньяк


Істеген істерінен адам жаны түршігетін қанішерлер әрбір адамға қауіп төндіреді. Олардың әрекетін ақыл-есі дұрыс адам түсіне алмайды. Бақытымызға орай, бұл маньяктардың көпшілігі өлім жазасына кесілген немесе өмір бойына сотталғандар.
Тарихтағы ең қауіпті маньяктардың рейтингінде біз сіздерге планетаның әртүрлі елдері – Бразилия, Қытай, Ресей, Ауғанстан, Колумбия, АҚШ, Украина және Үндістаннан шыққан қанішерлер туралы айтып береміз.  Сонымен атышулы баскесерлердің көпұлтты тізімі мынадай:

10. Анатолий Оноприенко
Анатолий Оноприенко «Украиналық құбыжық» деген лақап атқа ие болған. 1996 жылы ұсталып, 52 адамды өлтіргенін мойындады. Оноприенко өзінің қанға толы жолын 1989 жылы бастаған. Ең алғаш Запорожье облысында жолда машинасы сынып қалған 4 адамды, сондай-ақ күзетте тұрған полиция қызметкерін мылтықпен атып өлтіреді. Адам кейпіндегі бұл қанішердің ең қорқынышты қылмысының бірі, 1995 жылы 31 желтоқсанда жасалған. Мереке қарсаңында адамдар дастархан жайып, Жаңа жылға дайындалып жатқан кезде маньяк Крючковтар отбасының үйіне баса көктеп кіріп, қанды қырғын жасаған.
Ол ерлі-зайыптыларды және олардың екі егіз қызын атып тастаған. Өлген қыздардың бірі қатты қорыққаны соншалық, өз қолын тістеген күйі көз жұмған. Оноприенко әйелдің саусағын кесіп неке жүзігін алып кетеді. Бірнеше бағалы заттарды алған ол үйді қайтыс болған иелерімен бірге өртеп жіберген.
1998 жылы маньякқа өлім жазасы тағайындалған, бірақ 2000 жылы Украинада өлім жазасына мораторий жарияланғанына байланысты Оноприенко өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Қанішер 2013 жылы Украинадағы түрмеде қайтыс болды.

9. Андрей Чикатило
Ресей тарихындағы ең қауіпті маньяктардың бірі - «Қызыл жыртқыш» немесе «Ростовтан келген қасапшы» деген лақап аты бар Андрей Чикатило болды. Ол 1978 жылдан 1990 жылдарға дейінгі 12 жыл бойы адам өлтірумен айналысқан!Бір мәрте оны полиция қызметкерлері қамауға алған, бірақ жеке мәліметтерін тексергеннен кейін ол бостандыққа шығады. Отбасылық адам, көптеген дипломдары бар идеологиялық тұрғыдан сауатты коммунисттың психопатиялық қанішер екені ешкімнің ойына да келмеген.
Чикатило негізінен жас қыздар мен әйелдерді көп өлтірген. Зорлық-зомбылық әрекетін жасап, көптеген қыздардың кеудесі мен жыныс мүшелерін кесіп алған.
Кісі өлтірушіні іздеу кең көлемде болғаны соншалық, ол криминалистикалық кітаптарға енгізілді. Мыңдаған полицейлер, прокуратураның ең мықты тергеушілері және КГБ қызметкерлері маньякты іздеумен айналысады. Ол 1990 жылы 20 қараша күні қамауға алынды. Өзімен бірге портфелі болған, портфелдің ішінен полиция қызметерлері вазелин құтысын, ұзын арқан мен пышақ тапты.
Бұл «құбыжықтың» сот ісі 1992 жылы 14 сәуірде басталды және үкімі әділ болды - өлім жазасы. 

8. Абул Джабар
Абул Джабар - Ауғанстаннан шыққан ең қанқұйлы маньяк. Қылмысы: 300 ер адам мен жас жігітті өлтірген. Бірақ өлім жазасына кесілген кезде тек 65 адам өлтірілгені дәлелденді. Ол белсенді гомосексуал әрі өте күшті болған. Абул Джабардың құрбандарымен күресу тәсілі де ерекше.Джабар әлсіздерді зорлап, буындырып өлтірген.
Ол 1970 жылы қамауға алынып, сол жылы атылды. Өкінішке орай, сот жүйесіндегі қателікке байланысты нағыз маньяк табылмай тұрып, Ауғанстан билігі екі жазықсыз адамды атып тастады.

7. Ян Синьхай
Қытайлық маньяк Ян Синьхай кісі өлтіру саны бойынша елдегі ең қауіпті адам деп танылған. Синхай 1999-2003 жылдар аралығында 65 кісіні өлтіріп, 23 адамды зорлағанын мойындады.Әдетте маньяк қылмыстарын түнде жасайтын, ол полицейлерді адастырып кету үшін үлкен аяқ киім киіп жүрген. Жазықсыз адамдардың үйіне кіріп, үй иелерін күрекпен, балтамен ұрып өлтірген. Бір қызығы, оның сүйікті қаруы сегіз қырлы балға болған екен.
Тіпті, Синьхай бір отбасыны түгел қырып кеткен. Маньяк 2002 жылы бір үйге кіріп әкесі мен алты жасар қызын күрекпен ұрып өлтірген. Үйдегі жүкті әйелді зорлап, оны да өлтірмекші болған, бірақ әйел тірі қалады.
Синьхай 2003 жылы тұтқындалып, 2004 жылы Ғашықтар күні атылды.

6. Кампатимар Шанкария
Адамдардың маньякқа айналуының және қанды қылмыстар жасауының себептерін анықтағанда, психиатрлар қылмыскердің балалық шағындағы психологиялық ауытқуын анықтауға тырысады. Бірақ Үндістаннан шыққан маньяк Кампатимар Шанкария үшін бәрі басқаша болды. Оған адам өлтіру теңдессіз рахат сыйлаған.Маньяк 1979 жылы ұсталды. Тергеушілер Шанкарияның екі жылдың ішінде 70 кісі өлтіргенін дәлелдей алды. Кампатимарға өлім жазасы тағайындалып, оны дарға асып өлтірді.

5. Гэри Риджуэй
Америка сериялық өлтірушілер санымен танымал, бірақ Гэри Риджуэй қанды қол маньяктардың арасында бірінші тұрады. Себебі, бұл маньяк кез-келген американдыққа қарағанда көп адам өлтірген. Қылмыскер 1980 жылдардан 1990 жылдарға дейін адам өлтіруиен айналысады. Құрбандарының басым көпшілігі жас әйелдер болған. Әйелдерге ұлының фотосуретін көрсетіп, оның жоғалып кеткендігі туралы айтады. Адамдарды өзіне аяушылық тудыру арқылы баурап алған.Қолына түскен адамдарды оңаша жерге апарып, зорлағаннан кейін оларды жалаң қолымен буындырып өлтірген. Маньяк Грин өзеніне өзі өлтірген алғашқы 5 адамын ағызып жібергені белгілі болды. Сол үшін оны «Грин-Риверлік маньяк» деп те атайды. Риджуэй көбіне жезөкшелерді өлтірумен айналысқан. Өйткені оларды ешкім іздемейді деп ойлап, мәйіттерді ағаш қалың өскен, орманды жерге жасырған. 
Кейінірек ол өзінің құрбандарын буындырып өлтіре бастаған. Себебі, көптеген әйелдер оның қолында қатты байқалатын тыртықтар қалдырған екен. Маньяк осы іздер арқылы полиция көзіне түсіп қаламын деп қорыққан болса керек.  
Тұтқындау кезінде Риджуэй 71 әйелді өлтіргенін мойындады.
Оның зорлық-зомбылыққа бейімділігі 16 жасында, яғни, 6 жасар баланың кеудесіне пышақ салудан басталған. 
Полиция маньякті 2001 жылдың 30 қарашасында ұстады. Қылмыстарын есепке ала отырып сот оған өлім жазасын кесті.

4. Педро Родригес Фильо
Педро Родригес Фильо Бразилияда дүниеге келген. Дәрігерлер оның бас сүйегінен жарақат алғанын анықтады. Мүмкін, дәл осы жарақат болашақ психопаттың қалыптасуында үлкен рөл атқарған шығар. Баланың зорлық-зомбылыққа бейімділігі 13 жасында-ақ байқалған. Педро ұсақ-түйек жанжалдың салдарынан өзінің немере ағасын төбеден итеріп жіберген. Ол ауыр жарақат алып, аман қалды.Ол 14 жасында әкесін жұмыстан шығарғаны үшін қаланың вице-мэрін атып өлтірген. 
18 жасына дейін 8 кісіні жер жастандырған.  Педроның әкесі анасын ұрыс кезінде өлтіріп алады. Ашуланған жігіт жауап ретінде әкесін дәл солай өлтіріп, кеудесін ашып, жүрегін жейді.
Мұндай маньяктың бостандықта жүруі халыққа өте қауіпті еді. Сол себепті оны түрмеге жібереді. Бірақ Педроға бұл жаза лайық емес болатын. Темір тордың ар жағында жүріп-ақ 47 сотталушыны өлтірген. Бұл ресми дерек қана. Дегенмен Фильоның өзі «арғы дүниеге 100-ден астам адамды жібердім» деп мәлімдеді.
Бразилия заңы бойынша ол 30 жылға бас бостандығынан айырылған. 2007 жылы Педро Фильо бостандыққа шығады. 2011 жылы қайтадан өз үйінде ұсталып, мәжбүрлеп емдеуге психиатриялық клиникаға жіберілді. Педро әлі күнге дейін қамауда отыр.

3. Даниэль Камарго Барбоса
Даниэль Камарго Барбоса 150-ге тарта жас қыздар мен әйелдерді аяусыз өлтіріп, зорлаған. Құрбандардың нақты саны анықталған жоқ. Ол өзінің қылмыстарын Колумбия мен Эквадорда жасаған. Маньяк қыздарды орманға апарып, оларды зорлаумен айналысқан. Өлтірген адамдарынан зергерлік бұйымдары мен жеке заттарын алып , базарға сатқан.
Барбоса 9-11 жастағы қыздарды өлтіргенді ұнатқан, өйткені олар өлім алдында қатты айқайлайды, ал бұл маньякқа шынайы рахат сыйлаған. Полиция оны 1986 жылы 26 ақпанда ұстады. Эквадор заңына сәйкес, түрмеде 16 жылдан артық отыру мүмкін емес еді. Ол түрмеден 2002 жылы шығуы тиіс болған.
Бірақ 1994 жылы 14 қараша күні әділеттік орнады. Жәбірленушілердің туыстарының бірі түрмеге арнайы түсіп, маньякты өз қолымен өлтірген.

2. Педро Лопес
Колумбиялық маньяк Перу мен Эквадорда 300-ден астам әйелдерді өлтірген. Оның балалық шағы қиын болған. Анасы жезөкше салынған, ал оның қарамағында 13 бала болды.Педро аштыққа шыдай алмай, үйінен қашып кетеді. Бірақ  ол көп ұзамай достарымен  бірге жасөспірімдерді зорлайтын қарт педофилдің қолына түседі.
Болашақ маньяк өсіп, бостандық алғаннан кейін, өздерін қинаған педофилден кек алады. Достарымен бірге қарт адамның үйіне баса-көктеп кіріп, педофилдің терісін тірідей сыпырады. Педро 8 жылға түрмеге қамалып, аман шыққан.
Маньяк түрмеден шыққанда бүкіл әлемге ашулы еді. Ол барлық адамды қатты жек көретін.  Дәл осы сәттен бастап қыздар мен әйелдерді қатыгездікпен өлтіру хикаясы басталған.  Құқық қорғау органдары кісі өлтірушіні 1980 жылы ұстады. Тіпті, ол сот кезінде «300-ден астам адамды қуана-қуана мауыздадым» деп мақтанған.
Қылмысы әшкере болғаннан кейін Педро Лопес 20 жылға бас бостандығынан айырылды, бұл Перудегі ең жоғарғы мерзім. Оның одан әрі тағдыры белгісіз. Біреулер босатылғаннан кейін Эквадорға қашып кетті десе, басқалары Америкаға қоныс аударғанын айтады. 

1. Луис Гаравито
Луис Гаравито - «Жыртқыш» деген лақап атымен танымал колумбиялық маньяк 138 кісі өлтірген. Дегенмен өзі 300-ден астам адамды арғы дүниеге жібердім деп мақтанады. Маньяк көбінесе көшедегі балаларды өз «жемтігіне» айналдырған. Оның тактикасы өте қарапайым. Гаравито көшедегі балаларды кәмпиттермен немесе ойыншықтардың көмегімен алдап, қаңырап тұрған жерге апарып аяусыз өлтірген. Журналистер одан тарихтағы ең қауіпті маньяктардың біріне айналғанын сұрағанда, Гаравито әкесінің бала кезінде қорлағанын айтқан. Өзінің қанға толы қылмыстарын әкемнен осылайша кек алдым деп түсіндірді. 
Луис 1999 жылы Колумбияда қамауға алынып, 22 жылға бас бостандығынан айырылады. Ал 2001 жылы ол танымал телеканалдардың біріне сұхбат беріп, жақын арада мерзімінен бұрын шартты түрде босатылып, қаңғыбас балалардың құқығын қорғау жұмысына орналасуды жоспарлап отырғанын айтады. Бұл сұхбаты бүкіл елді дүр сілкіндіріп, тұрғындардың ашу-ызасын тудырды. Халықтың қалауымен қандықол қылмыскер Луис Гаравито түрме қабырғасын
Басып шығару
Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15