Павлодар облысы Железин ауданының аға тергеушісі прокуратура ғимаратында өзіне қол жұмсады. Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінде Қазнетте 24 мамыр күні Железин ауданының аға тергеушісі табельдік қаруы арқылы өз-өзіне қол жұмсап, қаза болғаны туралы ақпарат тарағаны айтылды.
Полиция қызметкерлері полицейдің өлімі туралы ақпаратты жоққа шығарды және оның денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрмағанын айтты.
«23 мамырда сағат 18.10-да Железинка ауылында прокуратура ғимаратында аудандық полиция бөлімінің аға тергеушісі оң иығына оқ атты. Полиция қызметкері ауруханаға жатқызылды, операция жасалды. Бүгінгі күні жағдайы тұрақты, маңызды органдар мен сүйектер зақымдалмаған, оның денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ», – деп атап өтті ведомство.
Бұл іс бойынша ПД Қазақстан Республикасы ҚК 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Сурет: kursiv.kz
Басып шығару