Фото: Әлихан Сариев
Алматыда 8 наурыз күні әйелдер құқығы үшін жаппай марш өтті. BaigeNews.kz хабарлауынша, бұл шараға 60-қа жуық адам қатысқан.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл Қазақстандағы алғашқы ресми феминистік марш.
Акцияны еліміздегі феминистік топтардың белсенділері: «КазФем», «Феминита», «Фемагора», «Фемсреда» және «Свет»қоғамдық қоры ұйымдастырды.
Феминистер «ЦУМ» маңындағы Арбатта жиналып, шеру Панфилов көшесінің бойымен жоғары қарай жүрді. Олар «жезөкшелік жойылсын, революция жасасын!», «Патриархат құрысын!», «Гүлді гүлзарларға, әйелдерге құқық керек!» деген ұрандар тастады.
Басып шығару