Mazir
10 июл 23:47korilim:4 125 Onir tynysy

Атырау облысының белсенділері дабыл қағуда: Жағдай мүшкіл, президент мырза!


Атырау облысының мемлекеттік қызметкерлері, қоғам қайраткерлері және белсенділері мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жариялап, шұғыл көмек қажет екенін жеткізді. 
«Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Бірнеше жылдан бері Атырау облысы республикалық бюджеттің демеушісі болып келеді. Біз отандастарымызға қажет уақытында көмек бере алғанымызбен мақтанамыз.
Өкінішке орай, қазір Атырау облысының басына қара бұлт үйіріліп тұр. Коронавирус жұқтырған науқастар күн санап артуда. Атырау облысы науқастар санының өсу қарқыны бойынша елде көш бастап тұр. Күніне жүздеген адам аурухана төсегіне таңылуда. Ал стационарларда адамдар қырылып жатыр. 
Бізде бұл трагедия тауқыметін тартпаған адам аз. Аймақты үрей, шарасыздық билеп тұр. Ауруханаларда мүлде орын жоқ деуге болады. Ал жедел жәрдем шақырылған уақыттан 4-5 сағаттан кейін келеді. Барлық емханалар жабық. 
Облыстың 7 ауданында да жағдай ауыр. Әсіресе Қызылқоға, Мақат аудандарындағы жағдай қиын. Өлім көрсеткіші үлкен. 
Қасым-Жомарт Кемелұлы!
Жоғарыда баяндалған жағдайды ескере отырып, бізге өзге елдерден келген (Ресей, Оңтүстік Корея) дәрігерлерді жіберуіңізді сұраймын. 
Атырау облысы коронавирус инфекциясымен күресуде тәжірибесі бар дәрігерлер көмегіне мұқтаж. 
Жағдай өте ауыр. Кешіктіруге, кейінге қалдыруға мүлде болмайды!!! Біздің жанайқайымызға құлақ түріңіз! 
Құрметпен!
1. Ирак Елекеев – ҚР мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР еңбек сіңірген заңгері; 
2. Айгүл Үлкенбаева – ҚР еңбек сіңірген артисті, күйші; 
3. Еділ Құсайынов – этномузыкант, ҚР еңбек сіңірген қайраткері; 
4. Ринат Гайсин – композитор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері; 
5. Сембек Жұмағалиев – ҚР еңбек сіңірген қайраткері; 
6. Әділ Қойтанов – ҚР «Құрмет» орденінің кавалері; 
7. Жанна Орынбасарова – Белгілі қазақстандық әнші; 
8. Салтанат Рахимова – қалалық мәслихат депутаты, заңгер; 
9. Ерлан Күмісқалиев – қоғам қайраткері; 
10. Тұрсын Қалимова – ҚР Журналистер Одағы мүшесі, «Айқын» газетінің меншікті тілшісі». 
Басып шығару
lasuna price - order lasuna generic order himcolin

how to get colospa without a prescription - order cilostazol 100 mg sale how to buy cilostazol

voltaren 100mg usa - aspirin usa aspirin oral

cheap rumalaya sale - elavil cost amitriptyline ca

buy mestinon no prescription - imuran pill buy azathioprine 50mg pills

buy voveran tablets - buy nimodipine online cheap nimodipine over the counter

Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15