Mazir
30 апр 15:42korilim:1 995 Madeniet

Жеңіс-75



Биыл – Ұлы Жеңістің 75 жылдығы. Майданда мылтық дауысы толастап, көрер жарығы бар азаматтар еліне оралған қуаныш. Міне, осы қанды қырғында бәсіміз жоғары болып, бабалар намысы үстемдік танытып, фашистер тізе бүккен уақытты жыл сайын тойлап келеміз. Ел шетіне жау тигенде қару алып қарсы тұрған соғыс ардагерлеріне құрмет жасала бермек. Қазақ батырлары кеңестік армия қатарында аз ерлік көрсеткен жоқ. Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай біз көпшілік назарына орден-медальдардың, төсбелгілердің, түрлі марапаттардың мағынасын, салмағын, атағын таныстыруды, мағлұмат беруді жөн санадық. Осы тақырыптағы мақалалар «Жеңіс-75» желісі бойынша сайтымызда жарияланып отырады. 


«СОЦИАЛИСТІК ЕҢБЕК ЕРІ» АТАҒЫ



Бұл атақ 1938 жылдың 27-желтоқсанында КСРО Жоғарғы Кеңес Президиумының бұйрығымен жасалды. Атақты берудің негізгі мақсаты – өткен ғасырдың 20-30 жылдары ауыр кезеңде ерен еңбек көрсеткендердің маңдай терін ұлықтау. 


«Еңбек ері» атағын КСРО-ны дамытуға үлес қосқан, шаруашылық пен мәдени құрылыстағы аса үздік жетістіктері үшін еңбекте ерекше көзге түсіп, өздерінің аса үздік жаңашыл қызметтерімен қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыруға, халық шаруашылығын өрге бастыруға, ғылым мен техниканы дамытуға үлес қосқан азаматтар алды. 


50-жылдардан бастап бұл атақты мерейтойға да, еңбегі сіңгенге де, сіңбегенге де таратты. Сәйкесінше, марапаттың да абыройы төмендей берді. Уағында «Кеңес Одағының Батыры», «Батыр Ана» сияқты ордендермен шамалас даңқы бар «Социалистік Еңбек Ері» атағы осылай құлдырап келіп, 1988 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесінің шешімімен бұл атақты беру мүлде тоқтатылды. 


«Социалистік Еңбек Ері» атағын алған азаматтар «Ленин» орденімен, «Балға мен орақ» медалімен марапатталып отырды. Бұған қоса атақ алған азаматқа КСРО Жоғарғы Кеңесінің алғыс хаты да берілетін. Сондай-ақ, «Социалистік Еңбек Ері» атағын алған азаматтың туған жерінде қоладан құйылған бюсті орнатылып, үлкен құрмет көрсетілетін-ді. 


Одақ көлемінде айтарлықтай салмағы бар атақты 1986 жылдың қыркүйек айына дейін 1 803 қазақстандық азамат алған. Оның ішінде осы атақты үш мәрте иеленген азамат – Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев. 1972, 1976, 1982 жылдары Қонаев «Социалистік Еңбек Ері» атағын алған. 


Бұдан бөлек, «Социалистік Еңбек Ері» атағын Н.Алдабергенов, Н.Головацкий, Ы.Жақаев, Н.Кузнецов, Ж.Қуанышбаев сынды азаматтар екі реттен иеленген.


Сондай-ақ, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, классик жазушы, аңыз-тұлға Ғабит Мүсірепов те 1974 жылы «Социалистік Еңбек Ері» атағын алып, бейнетінің зейнетін көрген. 


Қазақтардың Кеңес Одағы кезінде де досқа адал, дұшпанға қатты, еңбегінің бейнетін көрген халық екенін мына сандар әлем алдында дәлелдеп тұрғандай. Одақтас Республикалардың ішінде Ресей мен Украинаның халық саны көптігінен, әрі славяндық тегінен 9670/3651  адам осы атаққа ұсынылып, иегері атанған. 


Одақ көлемінде «Социалистік Еңбек Ері» атағын алған азаматтар саны жөнінен ҚазКСР (1 803 адам) үшінші орында тұр. Бұл – батыр бабалардың еңбегінің жемісі, табан ет, маңдай терінің зейнеті. 


Батырлар рухына мәңгілік тағзым!

Басып шығару
Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15