Mazir
23 апр 19:45korilim:1 694 Madeniet

Жеңіс-75


Биыл – Ұлы Жеңістің 75 жылдығы. Майданда мылтық дауысы толастап, көрер жарығы бар азаматтар еліне оралған қуаныш. Міне, осы қанды қырғында бәсіміз жоғары болып, бабалар намысы үстемдік танытып, фашистер тізе бүгіп, Рейхстаг төбесіне ту тігілген уақытты жыл сайын тойлап келеміз. Посткеңестік мемлекеттердің барлығы дерлік бұл мерекеге үлкен жауапкершілікпен, құрметпен қарайды. 75 жылдық мерейтой қарсаңында өтетін барлық мерекелік шаралар, әскери парадтар тоқтатылды. Себепкер – әлемді жайлаған індет. 


Парад өтпей, шара ұйымдастырылмай жатса-дағы «Жеңіс» ұғымына деген құрмет, ерлікпен қаза тапқандар рухына тағзым толастамайды, өз мағынасын жоймайды. Ел шетіне жау тигенде қару алып қарсы тұрған соғыс ардагерлеріне құрмет жасала бермек. 


Қазақ батырлары кеңестік армия қатарында аз ерлік көрсеткен жоқ. Бұл туралы шетелдік әдебиеттерде де көп мағлұмат бар. Намысты, рухы өр азаматтардың батырлығы бүгінгі өскелең ұрпаққа үлгі. 


Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай біз көпшілік назарына орден-медальдардың, төсбелгілердің, түрлі марапаттардың мағынасын, салмағын, атағын таныстыруды, мағлұмат беруді жөн санадық. Осы тақырыптағы мақалалар «Жеңіс-75» желісі бойынша сайтымызда жарияланып отырады. 


«ЖЕҢІС» ОРДЕНІ


«Жеңіс» ордені – ең жоғары әскери атақ. Аталмыш орден туралы бұйрық 1943 жылдың 8-қарашасында шыққан. Бұл атақ майдан даласында сәтті операция жүргізген әскери құрам басшысына, маршалдарға берілген. Кавалерлер аты Кремль сарайының алдындағы мемориалды тақтаға жазылып, сан жылдар бойы сақталып келеді.  


Бұл орден өз тарихында 20 мәрте ғана табысталған. «Жеңіс» - Мәскеу зергерлік-сағат фабрикасында жасалған жалғыз марапат белгісі. Қалған наградалардың барлығы Мәскеу монета алаңында жасалды. Орденнің әрбір данасы үшін 300 грамм таза платина жұмсалған. Ал оны әрлеу үшін бриллиант пайдаланылыпты. 


Кеңес Одағының ең жоғарғы әскери атағы саналатын орденнің 22 данасы ғана дайындалған. Оның ХХІ және ХХІІ деген нөмірі бар даналары ешкімге табысталмады. Өйткені, 1945 жылы «Жеңіс» орденін беру тоқтатылды. Десек те, араға 33 жыл салып, 1978 жылдың 20-ақпанында әскери атақты КСРО Орталық комитетінің Бас хатшысы Леонид Брежневке беру туралы шешім қабылданып, артынша шешім күшін жойды. 


Георгий Жуков, Александр Василевский, Иосиф Сталин сынды тұлғалар – «Жеңіс» орденін екі мәрте иемденген азаматтар. Ең биік әскери наградамен бес бірдей шетелдік азамат марапатталған. Олар: Дуайт Эйзенхауэр (США), фельдмаршал Бернард Монтгомери (Великобритания), король Румынии Михай I, маршал Михал Роля-Жимерский (Польша) и маршал Иосиф Броз Тито (Югославия). Қазір «Жеңіс» орденінің көзі тірі бірде-бір кавалері жоқ. 


Орден пішіні бес жұлдызды. Қос қапталында Ленин мен Сталин бейнесі салынған. Орденнің ортасында Спасск мұнарасының суреті бар. Төменгі жағында «Победа» деген сөз анық жазылған. 


«Жеңіс» орденінің бірінші кавалері – маршал, 1-ші Украина фронтының қолбасшысы Георгий Жуков. Маршал Жуков 1944 жылдың наурыз-сәуір айларында Проскуровский-Черновицкая операциясын сәтті жүргізіп, Карпат тауларын өзіне қаратады. Міне, Украинаның оңтүстігін босатқаны үшін Георгий Жуков «Жеңіс» орденінің кавалері атанған. Кейін 1-ші Беларусь фронтын азат еткені үшін №8 «Жеңіс» орденіне екінші мәрте лайық деп танылды. 


№2 «Жеңіс» орденін маршал Александр Василевский иеленді. Сондай-ақ, Александр Василевский №6 «Жеңіс» орденінің кавалері. Үшінші және бесінші орден Жоғарғы Бас қолбасшы Иосиф Сталинге бұйырған. 


«Жеңіс» орденінің кавелерлері


1. Георгий Жуков (екі мәрте)

2. Александр Василевский (екі мәрте)

3. Иосиф Сталин (екі мәрте)

4. Иван Конев

5. Леонид Говоров

6. Алексей Антонов

7. Родион Малиновский

8. Кирилл Мерецков

9. Константин Рокоссовский

10. Семен Тимошенко

11. Федор Толбухин

12. Михал Роля-Жимерский

13. Иосиф Броз Тито

14. Король Михай I

15. Дуайт Эйзенхауэр

16. Бернард Монтгомери

Басып шығару
buy lasuna without prescription - buy cheap generic diarex buy generic himcolin over the counter

besifloxacin cheap - cheap sildamax online sildamax where to buy

probenecid cheap - buy carbamazepine 400mg generic order tegretol pill

celecoxib 100mg us - celecoxib medication indocin 75mg tablet

buy colospa medication - cheap colospa 135 mg cilostazol buy online

order cambia - cost diclofenac 50mg aspirin cheap

rumalaya drug - purchase rumalaya sale buy generic amitriptyline 10mg

mestinon 60 mg cheap - purchase mestinon for sale azathioprine cost

Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15