АҚШ-тың Флорида штатында генетикалық түрлендірілген масалар қоршаған ортаға жіберілді.
Зертханада өсірілген масалардың аналықтарында көбею мүмкіндігі болмайды. Ғалымдардың жоспары бойынша, генетикалық модифицирленген масалар жабайы туыстарының популяцияларымен араласып, Aedes aegypti түрлерін, яғни, безгек ауруын тудырушы масалар санын азайту.
Мұндай үлкен көлемдегі зерттеу жұмысы бірінші рет болып отыр. Масалар біртіндеп Флорида (АҚШ) оңтүстік жағалауындағы Киз аралдарына жіберіледі. Ғалымдар Aedes aegypti түрін таңдады, өйткені масаның осы түрі лихорадка, Зика және чикунгунья сияқты ауруларды тасымалдайды.
Авторлар мұндай тәжірибелер Бразилияда масалардың санын едәуір азайтқанын айтады. Сарапшылар өз жұмыстарын «экологиялық тазарту» деп атайды. Бұл болашақта сары безгек масаларын жоюға көмектеседі.