Әскери ұшақ апатынан зардап шеккен екі азаматқа білікті дәрігерлер ем жүргізіп жатыр. Екеуі де Алматыдағы 4-ауруханада медицина мамандарының жіті бақылауында. Олар
Еске салайық, олар ауруханаға кеше кешкі сағат 18:10-да жеткізілді. Содан бері жансақтау бөлімінде. Дәрігерлердің айтуынша, екі азаматтың да жағдайы ауыр. Қазіргі уақытта білікті дәрігерлер консилиум өткізіп, емдеу барысы талқылануда.
"Қауіп сейілді деп айту қиын, өйткені жарақаттары ауыр. Күйік жарақатының ауырлығы ол бірінші күні байқалмайды. Екінші немесе үшінші тәулікте күйік жарақатының ауырлықтары байқала бастайды. Ол басқа органдарға әсер етіп, жағдайы күрт нашарлап кетуі әбден мүмкін", - деді жансақтау бөлімінің анестезиолог-реаниматолог дәрігері Жанат Дүйсенова.
Басып шығару