Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли ауруханадан шығарылды.
Еске салсақ, 6 маусымда Берік Уәлидің коронавирус жұқтырғаны белгілі болды.
"Бүгін шықтым. Қорытындыда менің жағдайым жақсарғаны айтылған. Маған ауыр коронавирус инфекциясы диагнозы қойылды. Бес күн бойы жансақтау бөлімінде болдым", - деді Берік Уәли.
Енді оның айтуынша, ол үйде қатаң карантинде болады. Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы дәрігерлердің бақылауында болады және отбасы мүшелерімен байланыс аз болмақ.
"Жалпы, кейінгі тексеру хаттама мен келісілген тәртіп бойынша жүргізіледі ", - деді Берік Уәли.
Ауруханадан шыққаннан кейін Берік Уәли қашықтан жұмысын жалғастырады.
"Мен ауруханада жұмыс жасағандай жұмысымды жалғастыра беремін ", - деді ол.
Сөз соңында Берік Уәли дәрігерлерге, мейірбикелерге, сондай-ақ бүкіл медицина қызметкерлеріне алғысын білдірді.
"Кеше біз медицина қызметкерлері күнін атап өттік. Олардың бәрі де батырлар дегім келеді. Кейбіреулері бірнеше айдан бері отбасыларын көрмеген. Олар шынымен мықты адамдар ", - деп қорытындылады Берік Уәли.
Басып шығару