Mazir
08 июл 18:30korilim:1 923 Қоғам

Мұхтар Шаханов ауруханаға түсті



Белгілі ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шахановтың өкпесі қабынып, ауруханада жатыр.

Бұл туралы ақынның көмекшісі Құдияр Біләл facebook парақшасында жариялады.

«Мұхтар ағаның жағдайы жақсы. 2 шілде туған күні болған еді. Туған күнін шағын етіп, ұжымда атап өткенбіз. Сол кезде көңіл-күйі жоқ, мазасы болмай отырды. Кешкісін жедел-жәрдем шақырып, денсаулығын тексерттік. «Екі өкпесі де қабынған» деген диагноз қойды. Қалқамандағы ауруханаға жеткізді. Қазір ем қабылдап жатыр. Денсаулығы жаман емес», - деп жауап берді Құдияр Біләл. 

Бүгін жағдайы біраз жақсарған, тіпті "ауруханада жата бермей, үйге шықсам" деген екен. Алайда үйде система салып, денсаулығын толық бақылауға мүмкіндік жоқ екенін айтады.

«Қазір дәрігерлердің бақылауында, әзірге ауруханада ем алады. Бірақ ол жерде біраз мазасызданып отыр. Ауруханада қатты ауырып жатқандар көп, дәрігерлердің өзі қауырт жұмыс істеп жатыр. Ешкімді кіргізбейді, ешқайда шығармайды. Телефонмен байланысып отырмыз. Денсаулығы толық бақылауда", - деп жауап берді Құдияр Біләл. 

Құдияр Біләлдің айтуынша, Мұхтар Шаханов бір-екі күннің ішінде үйге шығады.


Басып шығару
Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15