Mazir
02 мар 12:20korilim:598 Қоғам

Нығматулин: Квазимемлекеттік сектордың сатып алулары отандық өндірушілерге бағытталуы тиіс


Бұл туралы Нұрлан Нығматулин Мәжілісте «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры басшыларының, Үкімет мүшелерінің, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП-ның қатысуымен өткен «Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерін сатып алу туралы» заң жобасын талқылаған отырыс барысында айтты. 

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтқандай, квазимемлекеттік сатып алу саласындағы ашық және тиімді процестер көптеген экономикалық сұрақтарды шешуге мүмкіндік береді. Біріншіден, отандық өндірісті және өз өнімдерімізді қолдауға  жол ашады. Екіншіден, бұл шағын және орта бизнеске көмек болады. Осының барлығы жұмыс орындарын сақтап,  әлеуметтік жағдайды да одан әрі дамытуға ықпал етеді», - деді Мәжіліс төрағасы. 

Мәжіліс баспасөз қызметінің хабарлауынша, жиында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов отандық тауар өндірушілерді қолдауға бағытталған «Самұрық-Қазына» АҚ сатып алу жүйесі туралы депутаттар алдында баяндама жасады.

«Біздің елімізде квазимемлекеттік сектор субъектілері әртүрлі векторлы, көп салалы сипатқа ие. Сатып алу рәсімдерін шамадан тыс нақтылау компаниялардың операциялық қызметіне теріс әсер етіп, сондай-ақ олардың инвестициялық тартымдылық деңгейінің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Сондықтан бұл заң жобасы квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алуына қатысты базалық қағидаттар мен тәсілдерді қамтиды.

Сатып алулардың тиімділігі, квазимемлекеттік секторда да, әсіресе, қазіргі Қазақстанның экономикалық белсенділігін қалпына келтіру кезеңінде өте өзекті. Сондықтан біздің міндетіміз – отандық тауар өндірушілер үшін квазимемлекеттік сектордың сатып алуларының қолжетімділігі мен ашықтығын арттыратын сапалы заң қабылдау. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында дәл осындай міндет қойды. Бүгін осында, Мәжілісте өткен мазмұнды диалог бізге – депутаттарға, Үкіметке және отандық бизнес өкілдеріне заң жобасы бойынша жұмыстың бірыңғай стратегиясын әзірлеуге мүмкіндік береді», - деп қорытындылады сөзін Нұрлан Нығматулин. 

Басып шығару
Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15