Mazir
16 апр 13:28korilim:2 619 Қоғам

Әміржан Қосан: «Сыртқы саясатта да ұлттық мүдде мен ұлтшылдық мінез үстемдік ететін уақыт келді!»


Қазақстан тарапынан Қытай билігіне наразылық нотасының жіберілуі – көпті таң қалдырған жайт. Бұл мәселе жан-жақты талқылануда. Белгілі саясаткер Әміржан Қосанов осы кикілжіңге қатысты Bairaq.kz порталының бірқатар сұрақтарына жауап берді.


Бұл мақала Қытай ниетін аңғарта ма, әлде кейбір кісілер айтып жүргендей сыртқы күштердің айла-шарғысы ма?

Алдымен айтарым, біздің Сыртқы істер министрлігінің осы мақалаға қатысты бұрын-соңды болмаған бастама көтеріп, тиісті мінез танытып, наразылық нотасын тапсыруын Қазақстан дипломатиясындағы жаңаша құбылыс деп, елдің тәуелсіздігі мен сыртқы алаңдағы абыройын қорғау жолындағы оң қадам деп санаймын.

Қазақша айтқанда, ұзағынын сүйіндірсін, ел мүддесін қорғауда сыртқы істер ведомствосы бұдан былай да осындай қырағылық пен табандылық таныта берсін.

Әрине, ресми түрде ешбір мемлекет басқа мемлекеттің ішкі істеріне қол сұғып немесе басқаша теріс әрекетке бара бермейді. Не дегенмен ортақ этикет, ережелер бар дегендей. Ондай қадам дипломатиялық нонсенс болар еді. Және де теріс пиғылы әшкереленіп жатса, ол мемлекетті бүкіл халықаралық қауымдастық айыптар еді.

Бірақ ресми позиция сондай екен деп, бейресми позиция жоқ деп те тағы айтуға болмайды.

Сондықтан да кез келген мемлекеттің ішкі қауіпсіздік және сыртқы барлау органдары болады. Ол да қалыптасқан жағдаят.

Черчильдің «Британияның тұрақты дұшпандары мен тұрақты достары жоқ, оның тек қана тұрақты мүдделері бар» деген аталы сөзін әлі де ешкім жоққа шығарған жоқ. Сол мүдделер кез келген мелмекетте бар – бізде де, Қытайда да, басқаларда да.

Ішкі саясатта ғана емес, сыртқы саясатта да ұлттық мүдде мен ұлтшылдық мінез үстемдік ететін уақыт келді! Қазіргі президент Тоқаев – кәсіби дипломат. Бәлкім, қоғамда дәл осындай сұраныс бар екенін ескеріп, ол да өзінің төл саласында нақты қадамдарға бара алатын болар. Сол үшін, меніңше, билік қоғамдағы ұлттық-демократиялық күштерге ерекше мән беріп, олардың саяси әлеуетін ұлттық мүдделерді ішкі және сыртқы алаңда табанды қорғауда пайдалана білуі керек деп санаймын.

Қазақстан-Қытай арасындағы экономикалық келісімдердің басым бөлігі осы уақытқа дейін бұқара назарына ұсынылмай келді. Күдік шақырмайды ма?

Бұл туралы қалың жұртшылық, соның ішінде демократиялық күштер, талайдан бері айтып келе жатыр. 

Бұл мәселеде ашықтық жоқтығының үш себебі бар.

Біріншіден, көп жағдайда билік өзіне оңтайлы халықаралық нормаларға сілтеме жасап жатады. Мәселен, коммерциялық құпия деген бар, соған сүйенуге әуес.

Екіншіден, соңғы кезде бізде «инвестиция тарту» деген науқанға айналып кетті де, ол шаруада мемлекеттік мүдде, ұлттық қауіпсіздік секілді іргелі талаптар тасада қалып қойды. Қаржыға зәру Қазақстанды қомақты қаржысы бар Қытайдың жан-жақты экспансиясы басып кетті. Сырттан қаржы тартудың осы өрескел әрі қауіпті жағын билік өз халқына көрсеткісі келмейді, осы факторды мойындағысы келмейді.

Үшіншіден, осы келісім-шарттарды жариялау туралы талап қойып жүрген бізде де ауызбіршілік жоқ. Әркім не өзінің жеке басының, не ұйымының пиары үшін айтып қалады да, сонымен шектеліп жатады. Жалпыұлттық деңгейде қозғалыс жоқ. Содан барып билік осы мәселеде өз ұстанымын сақтап қалып отыр. 

Қытай компаниялары үшін Қазақстан нарығы қаншалықты тиімді платформа? Бағзы қалпында деп ойлайсыз ба?

Қытай – әлемдік держава. Бейнелеп айтылып жүргендей, дүниежүзілік фабрика. Оның осы ерекшеліктерін ескермесе тағы болмайды. Қытайдың түпкілікті экономикалық мүдделері мен қызығушылықтары, сан-салалы экспансиясы өзіне көрші Қазақстан мен Орталық Азияға ғана емес, мұхиттардың ар жағына асып кеткен. Қазір Қытай бизнесі сонау Африка мен Оңтүстік Америкада емін-еркін жүр, дағадарыстың оңтайлы шарттарын пайдаланып, сол жақтың небір тиімді активтерін қанжығасына байлап алып жатыр. 

Сол тұрғыдан алғанда физикалық параметрлері жағынан бізден 100 есе үлкен алып Қытайдың көлеңкесі бізге түсіп тұратыны объективті шындық.

1 738 шақырым ортақ шекарамыз бар көршімен тіл табысып, қатар өмір сүру де керек. Қытайда бір жарым миллиондай қандастарымыз өмір сүріп жатыр. Антиқытайлық риторикамызда осы маңызды жайтты ескергеніміз ләзім деп санаймын. Иә, ондағы қандастарымыздың басына түсіп жатқан қиындықтарды ашық айтуымыз қажет. Жағдайды түзеуді талап етуіміз керек. Бірақ сонымен бірге, ол ағайынға, екіжақтық қарым-қатынасқа салқынын тигізетіндей арандатуларға жол бермеуіміз қажет деп ойлаймын. Кез келген фобияның астамшыл тұстары болып жатады.

Қытайға тәуелділіктің ұлғаюына, меніңше, біздің әртүрлі деңгейдегі шенділерге тән коррупция, соның ішінде, саяси коррупция себеп болып отыр деп санаймын. Сондықтан да осыған дейін Қытаймен, ондағы экономикалық субъектілермен қол қойылған барлық келісім-шарттарды қайта қарап, олардың стратегиялық маңызы бар бөлігін, парламенттік ратификациядан өткізу керек деп санаймын. Нағыз ашықтық, нағыз жариялылық сонда орнайды!

Қытай импорты пышақ кесті тоқтаса, біздің экономика шатқаяқтауы мүмкін бе?

Иә, коронавирус жағдайы біздің Қытай импортына біржақты тәуелдігілімізді, кіріптарлығымызды, тіпті, онсыз күн көре алмайтынымызды ап-айқын көрсетіп отыр.

Бірақ, экономикалық өмірдің өз заңдылықтары бар. Ол бір сәттік не бір кезеңдік конъюнктураға тәуелді бола бермейді. Мемлекет болған соң, ол тауар шығарады, оның сатуға немесе басқа тауар сатып алуға зәру болады. Осы заңдылық еларалық қатынастарды реттеп отырады. Сондықтан екіжақтық мүдде әр кезде орын алып отырады.

Ал коронавирус жағдайындағы карантин тек ішкі аумақтарды ғана емес, басқа елдермен шекараларды жауып тастап жатыр. Бірақ тауар алмасу осымен мүлдем тоқтап қалады деп ойламаймын. Вирустар келеді, кетеді. Ал экономикалық өмір, тауар алмасу жалғаса береді.

Тек осы алмасуда біз кімбіз – тек қана шикізатты сыртқа шығарар, тұрпайы экономикамыз ба, әлде өзімізде өңделген, қосымша құны бар өнім экспорттайтын өркениетті елміз бе – соны анықтап алуымыз керек.

Дәл қазіргі экономикалық ахуалда Қазақстанның қай тараппен мейлінше тығыз қарым-қатынас орнатқаны абзал?

Кезінде Қазақстан билігі сыртқы саясатта «көпвекторлық» кредосын жариялап еді. Ол, бір жағынан, дұрыс шешім болды. Бірақ, уақыт өте, ол саясат біржақты сипат алып кетті. Нақтылап айтқанда, көрші екі мемлекетке – Ресей мен Қытайға - біртіндеп тәуелді бола бастадық. Экономикалық, қаржылық тәуелділік келе-келе саяси, соның ішінде, геосаяси тәуелділікке ұласып кеткен сияқты.

Сондықтан осы теріс тәжірибені тыйып, жоғарыда айтылған көпвекторлы саясатты сыртқы экономикалық қарым-қатынасқа мықтап енгізуіміз керек!

Мәселен, қаржылық, банктік байланыста дамыған елдер құрылымдарымен ынтымақтастықты жандандырсақ, ал сыртқа ағыл-тегіл ағып жатқан мұнай мен газымызды, алюминий, хромымызды ел ішінде өңдеп, сол елдердің зауыт-фабрикаларына сатсақ, экономикамымыз бір-екі елге кіріптарлықтан құтылып, дамудың жаңаша сатысына көтерілер еді.

Кезінде, Назарбаевтың тұсында «Еуропаға қарай жол» деген тұтас бір стратегиялық, керек десеңіз, дүниетанымдық, өркенитеттік құндылығы бар бағдарлама қабылданған болатын-ды. Меніңше, сол құжатты архивтен шығарып, қайта өңдеп, заман талаптарына сай өзгерістер енгізіп, қайта қабылдау қажет. 

Менің бұл ойымның тағы бір маңызды жағы бар: дамыған елдерде демократиялық құндылықтар салтанат құрған, билік жүйелі түрде ауысып тұрады: бүгін – Трамп не Джонсон, ертең басқа президент не премьер келіп жатады. Бізге де сондай жүйе керек.

Сондай елдермен неғұрым жақындай түссек, сынықтан басқаның бәрі жұғады дегендей, ол мемлекеттерге тән озық, өркениетті технологиялармен қатар, демократиялық дәстүрлер де бізге жұғысты болары хақ.

Басып шығару
purchase lasuna online cheap - purchase himcolin without prescription buy himcolin paypal

generic besifloxacin - buy sildamax paypal purchase sildamax pill

celecoxib tablet - celecoxib 200mg tablet where can i buy indocin

purchase colospa pills - buy etoricoxib generic brand cilostazol

buy voltaren for sale - cambia online order aspirin drug

order mestinon online cheap - buy azathioprine 25mg online buy cheap generic azathioprine

rumalaya pills - order endep pills buy elavil without prescription

Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15