Mazir
13 окт 14:44korilim:1 114 Қоғам

Назарбаев құрған "Birgemiz" қорының ақшасы бұрын алмаған азаматтарға беріледі


Осы мақсатқа қордан 5 млрд теңгеге жуық қаржы бөлініп, біржолғы материалдық көмекке бағытталады. Елбасының тапсырмасы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев Қорының қолдауымен қаражат қордың шотына түсті.
Кеше Нұрсұлтан Назарбаев бүкіл ел бойынша тағы 100 мың әлеуметтік аз қамтылған отбасыға 50 мың теңге көлемінде қосымша атаулы төлемдер ұйымдастыруды тапсырды.

"Birgemiz" қорының төрағасы Руслан Сакеевтің айтуынша, 100 мыңнан астам азамат біржолғы материалдық көмекпен қамтылады. Көмек қаражатты алушылардың 7 санаты бекітілген. Олардың қатарында тұрмысы төмен көпбалалы отбасылар, мұқтаж мүгедектер, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасылар, ең төменгі зейнетақы алатын және халықтың әлеуметтік әлсіз тобына жататын зейнеткерлер, жетім балалар (тұл жетім балалар мен асыраушысының бірінен айрылған балалар), Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектер және соларға теңестірілгендер, тыл еңбеккерлері бар.

"Көмек алушылардың тізімін бұрынғыдай әкімдер ұсынады. Бұл ретте біз бұрын көмек көрсетілмеген азаматтардың алуын қадағалаймыз", - деді қор төрағасы.

Сондай-ақ, Р.Сәкеев қазіргі таңда осы бағытта өңірлермен қарқынды жұмыс жүргізіліп жатқанын және азаматтарға біржолғы көмек жақын күндері берілетінін атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, "Birgemiz" қоры осы жылдың наурыз айында Тұңғыш Президент, "Nur Otan" партиясының Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен коронавируспен күрес жағдайында халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау үшін құрылған болатын.
Осы уақыт ішінде қор қаражатынан 550 мыңнан астам мұқтаж азамат 50 мың теңгеден алды. Пандемиямен күресте алдыңғы шепте болған елорда мен Алматы қаласының 2112 медицина қызметкеріне біржолғы төлем жасалды. Пандемия басталған кезеңде Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы әлеуметтік әлсіз 100 мың отбасыға 5 млн маска таратылды.
Сонымен қатар, қор есебінен Түркістан облысының Мақтаарал ауданындағы Мырзакент ауылында 20 үйдің құрылысы аяқталды. Қазіргі уақытта 12 үйдің құрылысы жалғасуда.

Басып шығару
Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15