Алматы аудандарында «Бақытты отбасы» аналарды қолдау орталықтары ашылуда
BAIRAQ.KZ Алматы қаласы әкімі Б. Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша Алматы аудандарында көпбалалы аналарға әлеуметтік қолдау көрсететін «Бақытты отбасы» орталықтары ашылуда деп хабарлайды bairaq.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бүгін, 5 тамызда «Жетісу» ауданында аналардың «Бақытты отбасы» әлеуметтік орталығы өз есігін айқара ашты. Алматыдағы көпбалалы аналарға қолдау көрсетудің кешенді бағдарламасы аясында «Isker Ana» бағдарламасы қолға алынды. «ISKER ANA» бағдарламасының мақсаты - әйелдер кәсіпкерлігін дамыту және олардың бастамаларына қолдау көрсету. Жобаның міндеті – көпбалалы аналарды жаңа мамандықтарға баулу. Яғни, киім пішу мен тігу, сұлулық кәсібі, аспаздық және ұлттық қолөнер бұйымдарын жасау мамандықтары бойынша дәріс беру. Бұдан өзге, құрылыс-жөндеу саласы бойынша қызмет көрсету маманы ретінде оқуға болады. Көпбалалы отбасылар мүшелеріне өздері жасаған тауарларды Интернет арқылы өткізу мен сату және бизнес - жопарлар әзірлеу үшін маркетинг негіздері оқытылады. Бүгін Жетісу ауданында «Бақытты отбасы» орталығы арқылы 136 көпбалалы аналар тіркелді, олар болашақта өздерінің жеке бизнестерін ашу үшін кәсіби білім алуға ынталы. Еске салсақ, 16 шілдеде Бақытжан Сағынтаев көпбалалы аналарға қолдау көрсететін қалалық орталықта болып, әр ауданда осындай орталықтар ашу туралы тапсырма берген еді. Қала әкімі әйелдерді еңбекпен қамтуда олардың әрқайсысының мүмкіндігі мен қабілетін ескеру қажеттігін де атап өткен болатын. «Жеке ісін бастағысы келетін әйелдерге көмектесу керек, гранттар бөліп, құрал- жабдықтар алуда қолдау көрсеткен жөн», - деген еді Алматы әкімі.
Жетісу ауданының орталығына мына мекенжай бойынша хабарласуға болады: Жансүгіров / Ломоносов көшелері 65/34 Телефон: +7 (727) 234 31 80 Instagram: @baqyttyotbasy.kz Жетекші: Доспалинова Айгүл Бижанқызы Ұялы телефон: +7 708 160 67 89 +7 777 355 66 42 Эл. пошта: aigul.dosp@gmail.com Басып шығару