Көпбалалы ана Ботагөз Шынықұлова ұлы Елхан Абылайханның мүгедек болып қалуына министрді кінәлап, жауаптылардың жазасын алмайтынына күйініп, шырылдайды.
«Мен Ақорданың алдына шықтым. Өйткені, менің балам денсаулық сақтау министрлігінің кесірінен мүгедек болып қалды. Бәрі министрді кінәлайды. Неге? Өйткені, Біртановтың қызметінде кемшілік көп, соны кесірінен балалар мүгедек болып қалуда», - деді Шынықұлова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде.
Біршама уақыт бұрын бас қалада көпбалалы аналардың Ақорда алдына барып, АӘК-ті тағайындаудың жаңа форматына көңілдері толмайтынын айтып, баспана мәселесін шешуді талап етіп, бейбіт шеру жасаған-ды. Олардың айтуынша, әлеуметтік көмек қажет азық-түлік пен алғашқы қажеттіліктерді алуға жетпейді. Оның үстіне барлық заттың бағасы күн санап өсіп барады.
Артынша көпбалалы аналар Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіндегі шенділермен жолығып, өз талаптарын айтты. Жауаптылар бұл мәселелерді елдегі экономикалық ахуалмен ұштастырып жауап берді.
Басып шығару