Коронавирус инфекциясының қайта таралуына байланысты премьер-министр Биньямин Нетаньяху елде үш апта карантин жариялау туралы шешім шығарды. Израильдегі локдаун 19 қыркүйектен басталады екен.
Израильдің ақпарат құралдары карантин 18 қыркүйек сағат 14:00-ден басталады деп хабар таратуда. Тұрғындарға үйден 500 метр алыс кетуге тыйым салынады. Барлық мейрамханалар, қонақ үйлер мен жаттығу залдары жабылады.
Бұл елде соңғы күндері коронавирус жұқтырған науқастар саны айтарлықтай артып келеді. Инфекцияның алғашқы толқыны кезінде күн сайынғы статистика бойынша науқастар саны мыңнан аспады. Ал мамыр айында бұл көрсеткіш өте төмен деңгейде болған. Дегенмен жаз айларында елдегі эпидахуал қайтадан қиындай түсті.
Мамандардың айтуынша, коронавирус инфекциясының екінші толқыны алғашқысынан ауырлау...
Басып шығару