Әлемде пандемия жарияланып, адамдар жаппай оқшаулана бастаған уақытта ғалымдар коронавирустың адамға жануарлардан жұғу қаупін теріске шығарған.
Нидерландыда кеміргіштерден (құндыз, тышқан) коронавирус инфекциясының адамға жұққан жағдайы тіркеліпті. Бұл туралы Нидерланды ауыл шаруашылық министрлігі парламентке жеткізген.
Сәуір айында құндыз фермасында екі кеміргіштен коронавирус анықталған. Кеміргіштерді тексеруге олардың тыныс алуы мен ас қорытуында күдікті әрекеттер байқалуы себеп болыпты.
Ел билігі сол уақыттан бастап ферманы оқшаулады. Дегенмен, жануарлардан адамға коронавирус жұқпайды деген тұжырым өз қалпында қала берді.
Голландиялық министр Карола Схаутен осы тұжырымды растай отырып, жануарлардан адамдарға коронавирус инфекциясының жұғу қаупі өте төмен екенін айтады.
Басып шығару