Қазақстанда эпидемиялық жағдай қиындап барады. Күн сайын жүзге тарта науқас анықталуда. Бүгін де 68 науқас тіркеліпті.
Елордада індетті екі адам жұқтырса, Алматыда 44 адам, Шымкентте бір адам, Түркістанда 2 адам, Қызылордада 9 адам, Атырауда бір адам, Павлодарда екі адам, БҚО-да төрт адам, Қарағандыда 3 адам дертке шалдыққан.
Қазір еліміздегі науқастардың жалпы саны 1470 адамға жетті.
Басып шығару