Бүгін елімізде инфекция жұқтырған 36 адам тіркеліп отыр. Бұл туралы коронавирус жайында ақпар тарататын ресми сайтта жазылды.
«Қызылорда облысында – 4, Павлодар облысында – 2, Маңғыстау облысында – 1, Шымкент қаласында – 3, БҚО-да – 5, Алматы қаласында – 17, СҚО-да – 1, Жамбыл облысы – 1, Ақмола облысы – 1, Ақтөбе облысында – 1, Нұр-Сұлтанда – 8, Қарағанды облысында – 2 науқас анықталды», - деп жазылған хабарламада.
Осылайша елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 1 341 адамға жетті. Қазіргі уақытта 240 адам дертінен айыққан. 16 адам індеттің құрбаны болды.
Басып шығару