Сағат 8:50 шамасында елміздегі коронавирус жұқтырғандар саны 704 адамға жетті. Аймақтарда 7 жаңа науқас тіркелген. Қызылорда облысында 3 адам, Атырау облысында 4 адам анықталды.
Осылайша, Қызылорда облысындағы науқастар саны 69 адамға, Атыраудағы науқастар саны 36 адамға жетті. Жедел әрекет ету штабының мәліметінше, Қызылорда облысындағы 3 жаңа науқас Сырдария ауданында тіркелген. Бұл кісілер – инфекция жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болғандар.
«Қазіргі уақытта науқастар жағдайы қанағаттанарлық. Қажет ем-дом шаралары жүргізілуде», - делінген штабтың хабарламасында.
Қызылорда облысы бойынша: Сырдария ауданында - 4, Қызылорда қаласында - 9, Жаңақорған ауданында – 16, Қармақшы ауданында – 4, Шиелі ауданында – 35, Арал ауданында – 1 адам тіркелген.
Ал жалпы ахуал бойынша науқастар саны төмендегідей:
Нұр-Сұлтан – 222;
Алматы – 119;
Қарағанды облысы – 55;
Жамбыл облысы – 45;
Ақмола облысы – 42;
Түркістан облысы – 33;
СҚО – 25;
Қызылорда облысы – 69;
Шымкент – 20;
Ақтөбе облысы – 11;
Алматы облысы – 10;
ШҚО – 6;
Маңғыстау облысы – 5;
БҚО – 2;
Павлодар облысы – 1;
Қостанай облысы – 1.
Басып шығару