Індет күн санап қарқын алып келеді. Бүгін елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 109 адамға жетті. Естеріңізге сала кетейік, бірнеше күн бұрын біз індет туралы статистика жүргізіп отырған еліміздегі орталықтың болжамын жариялағанбыз.
Кибер шабуылдарды тексеру және сараптау орталығы 23-наурыз күні Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 100-ден асады, ал жалпы 17 мыңға жақын адамды шарпиды деген дерек келтірген-ді.
Айталық, бүгін сағат 16:20 шамасында Алматыда 6 адам, Нұр-Сұлтанда 6 адам коронавирус жұқтырғаны туралы мәлімет пайда болды. Осы уақытта елдегі инфекция жұқтырғандар саны 109 адамға жетті.
Нұр-Сұлтанда – 61;
Алматыда – 40;
Қарағандыда – 2;
Алматы облысында – 1;
Ақтөбе облысында – 1;
Шымкент қаласында – 2;
Жамбыл облысында – 1;
СҚО – 1 адам.
Басып шығару