Ескі үлгідегі 500 теңгелік банкноттардың айналымы 10-маусымнан бастап тоқтатылады.
2020 жылдың 10 маусымына дейін төлем құралы ретінде ескі үлгідегі банкноттарды қабылдаудан бас тартуға жол берілмейді. Заңды төлем құралы болып табылатын банкноттар мен монеталарды қабылдаудан бас тарту Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 206-бабын бұзуға әкеп соғады. 2006 жылы номиналы 500 теңгелік банкнотты қабылдаудан бас тартқан жағдайда, ескі және жаңа банкноттардың қатар айналысы кезеңінде Ұлттық Банктің аумақтық бөлімшесіне тиісті шаралар қабылдау үшін хабарласу қажет, деп хабарлады ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі.
2020 жылдың 10 маусымынан кейін 2006 жылы қолданысқа енген 500 теңгелік банкноттар заңды төлем құралы болмайды.
Басып шығару