Қазақстанның көмір компаниялары алдағы жылыту маусымына дайын

  • 16 июл, 16:56
  • Көрілім: 417
НҰР-СҰЛТАН. BAIRAQ.KZ - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде алдағы жылыту маусымына дайындық және коммуналдық тұрмыстық сектор мен халықты көмірмен қамтамасыз ету мәселесі бойынша көмір өндіруші кәсіпорындардың өкілдерімен жұмыс кеңесі өтті деп хабарлайды bairaq.kz тілшісі министрлік баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Компаниялар жылу беру маусымына толық дайын екендіктерін атап өтті, 2019 жылдың соңына дейін баға өткен жылдың деңгейінде қалатынын және көмірді халықтың коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктеріне сай тиеу барысы нақты тиеу кестесіне сәйкес жүзеге асырылатынын баяндады.
Министрлік көмір компанияларына жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп 2019 жылдың шілдесінен бастап коммуналдық-тұрмыстық сектор үшін және халықтың қажеттіліктері үшін көмір дайындау жұмыстарын жандандыру бойынша ұсыныстар берді.
Сондай-ақ оқыңыз

Пікір қалдыру