Mazir
18 дек 10:32korilim:1 800 Ekonomika

1 қаңтардан бастап жағдайы төмен азаматтарға несие берілмейді

Соңғы жылдары қатты қарқын алған тұтынушылық несиенің өсімі баяулай түсті. Кепілсіз тұтынушылық несие сегментіндегі қарыздың өсімі 2017 жылы 31%, ал 2018 жылы 28% құрады. Ал биылғы жылдың 10 айында қамтамасыз етілмеген тұтынушылық несие портфелінің өсімі небары 8% құрады. Осы мерзім ішінде қазақстандықтардың орташа айлық жалақысы 16 процентке өсті, бұл кепілсіз несиелер бойынша берешектің өсіміне қарағанда екі есе өсім. Бұл туралы ҚР Ұлттық банк мәлім етті деп жазады zakon.kz.




Жеке тұлғаларды несиелеу нарығының мөлшері бойынша Қазақстан қарыз деңгейі төмен елдер тобына кіреді. Тұтынушылық несие портфелінің жалпы ішкі өнімге қатынасы шамамен 9,2% құрайды. Ресейде бұл көрсеткіш - 14,3%, Польшада - шамамен 30%, Германияда - 40%, АҚШ-та - 85% астам.

Азаматтардың шамадан тыс несие алуының алдын алу және тұтынушылық несиелеудің оңтайлы өсу қарқынын қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық Банк реттеуші шараларды жүзеге асыруда.

3 шілдеде ҚР Президенті "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын, микроқаржы қызметін және салық салуды реттеу мен дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға қол қойды, онда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап халыққа несие берумен айналысатын барлық заңды тұлғаларға қатысты реттеу мен қадағалау шараларын енгізу қарастырылған.

Осылайша, барлық несие беруші субъектілер реттелетін бір алаңда жұмыс істейді және қарыз алушыларды қорғау үшін қойылатын барлық талаптарды сақтайды. Мысалы, несие келісімінің талаптарын орындау, шекті пайыздық мөлшерлемеден ставканы асырмау, несиелік бюроларға ақпарат ұсыну қажеттілігі, қарыз ауыртпалығы коэффицентін сақтау және басқасы дегендей.

Сонымен бірге, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қарыз алушылардың борыштық жүктемесін есептеу тәсілдері өзгеріске ұшырайды. Мысалы, кірісі күнкөріс деңгейінен төмен азаматтарға несие беруге тыйым салынды, сонымен қатар банктің өзіндік капиталына қатысты талаптар күшейтілді. Бұл талаптар банктердің қамтамасыз етілмеген қарыздар, әсіресе табысы аз азаматтар үшін кепілсіз несиені бермеуге мүдделі болуға итермелейді.

Сонымен қатар, заңнамалық актілерге 90 күн кешіктірілгеннен кейін жеке тұлғаларға барлық қамтамасыз етілмеген тұтынушылық қарыздар үшін тұрақсыздық айыбы мен алымдарды алуға тыйым салатын түзетулер әзірленді. Бұл қамтамасыз етілмеген тұтынушылық несие көлемінің өсуін шектейді.

Бұл түзетулер ҚР Парламенті Мәжілісі мақұлдаған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы, мемлекеттік басқару жүйесін және бюджеттер аралық қатынастарды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң жобасына енгізілген.

Басып шығару
buy lasuna for sale - buy diarex pills buy himcolin without a prescription

besifloxacin order online - buy cheap besivance buy sildamax no prescription

purchase benemid without prescription - probalan order online purchase tegretol online cheap

buy generic mebeverine over the counter - buy cheap arcoxia cilostazol over the counter

buy celecoxib 100mg generic - buy urispas for sale cheap indomethacin 75mg

rumalaya online - order endep pill elavil sale

cheap diclofenac 100mg - buy generic aspirin over the counter buy aspirin 75 mg sale

voveran over the counter - purchase nimodipine generic nimotop sale

mestinon order - mestinon 60 mg oral order imuran 50mg sale

Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15