Mazir
03 мар 22:06korilim:1 656 Ekonomika

БЖЗҚ: Сиырқұйымшақтанған стратегияның сыры


Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басына қонақтаған қара бұлт сейілмек түгілі, уақыт жылжыған сайын қоюланып келеді. Ақыры не болары белгісіз...

Зейнетақы қоры тақырыбы бойынша қоғамда көтерілген белсенді пікірталас пен сын мемлекет басшысының құлағына дейін жетті. Тоқаев зейнетақы жүйесін модернизациялау қажет екенін айтқан-ды. Бұдан бөлек, бірқатар толықтырулар 2020-2024 жылдар аралығындағы Зейнетақы жүйесін дамытудың жол картасына енбекші. Бұл – қазіргі жұмыс істеп тұрған жүйенің қауқарсыз екенін, тозығы жеткенін айғақтайтын факт. 

«Тауықтың түсіне тары кіреді...»

Зейнетақы жүйесіндегі былықтарға көз жұма қараған БЖЗҚ министрлер кабинеті жасаған жол картасына акционерлік қоғамның дислокациясын Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына ауыстыру пунктін енгізуге мүдделі. Олардың ең басты аргументі – әрдайым ҚР Ұлттық Банкімен «көршілес отыру».   Алматыдан елордаға ауысқан Ұлттық Банктің көлеңкесі іспетті қорға мемлекеттік құнды қағаздарды сатып алу, сату және ішкі нарықтық айналымдардағы каналдарды қадағалау ауыр тиіп кеткен сияқты. 

Ұлттық Банктің шаужайына жармасатын да жөні бар қордың. Өйткені, 2014 жылы зейнетақы қорларының активтері орталықтандырылды. Ал содан кейін активтерді интеграциялау тапсырмасын орындау үшін қор Ұлттық Банупен ортақ жұмыс істеуге мәжбүр болған-ды. 

Арада 6 жыл сырғып өте шықты. Бірақ зейнетақы қоры әлі тізерлеп жылжып келеді. Аяққа тұрмақ түгілі, жығылмас үшін жанталасып, Ұлттық Банкпен көлеңкелі қарым-қатынасты үзбей ұстап отыруға мүдделі. Осыған қарамай, бүгінде БЖЗҚ өздерінің алдына негізгі мәселеден мүлде алшақ мақсат қойып отырған жайы бар. 

Рас, елдегі ірі қаржы ұйымын Нұр-Сұлтанға көшіру 2020 жылға жоспарланған. Бірақ... бірақ олар бас қалаға қоныс аудару үшін өздеріне қарасты кіші компанияларды, ведомстваға қарасты ұйымдарды мобилизациялауға міндетті еді. Десек те, БЖЗҚ бәрінен бұрын бас қалаға орын тебуді жөн санап отыр. 

Осы ретте зейнетақы қорына өз ахуалы мен стратегиясын терең сыни сараптамадан өткізу қажеттілігі туып тұрғаны көрініс береді. 

...Және стратегияны қайта қарауды ұжымдық басқармаларды трансформациялаудан бастаған абзал. Қош! Бұл тәмсілімізге тұздық болар тұжырымдар аз емес. 

Халықаралық ұсыныстардың үдесінен шығып, әлемдік қаржы институттарын дамыту тәжірибесіндегі соқпаққа түсу үшін үкімет пен БЖЗҚ қордың операциялық қаржы айналымына ҚР Ұлттық Банкінің ықпал етуін доғаруы шарт. Шиеленіскен түйінді шешу үшін, ең алдымен, Ұлттық Банк инвестициялық қызмет көрсету өкілеттілігінен шеттетіліп, қадағалауын доғармақ керек. 

Сонымен қатар, қордағы қордаланған көп проблеманың түйінін тарқату үшін акционерлік қоғамның директорлар кеңесіне тәуелсіз қаржы сарапшыларын көптеп тартып, директорлар кеңесінің мүшелер санын ұлғайтқан абзал. 

Қордың директорлар кеңесінің мүшелер саны артса, сәйкесінше, басқармалардың да жұмысы өнбек. Бұл жерде тағы бір түйткіл бар. Директорлық мандатты «көкелік» мейірімнің көмегімен емес, шетелде және ұлттық қаржы ұйымдарында жұмысымен көзге түскен қызметкерлерге ұстатқан жөн. Бұл ретте зейнетақы қорындағы капиталға саясат пен мемлекеттік органдардың ықпал етуін тежемесе дерт асқына түседі. 

Қор болған қор немесе қайта бой тіктеу жоспары

Осы уақытқа дейін мемлекеттік органдар мен Ұлттық Банктің көлеңкесінен әрі бой көрсете алмаған зейнетақы қорына бой тіктер уақыт келді-ақ. Халықаралық тәжірибелерге сүйенсек, зейнетақы қоры әрдайым азат ұйым болуы тиіс. 

Бұл ретте үкіметтік структураларда қызмет жасаған кісілер мен Ұлттық Банк ұсынысымен тағайындалған мүше директорлардың орынын біліктілігі мен кәсібилігі жоғары мамандармен толықтыру шарт. 

Осыдан келіп, зейнетақы қорына деген салымшылар сенімі пайда болады, сәйкесінше, жауапкершілік те айтарлықтай өседі. 

Екіншіден, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры бұрынғы Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорынан «мұрагерлікке» қалған «тұрақтылықтан, бірсарындылықтан» арылуы тиіс. 

Басып шығару
Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15