Сарапшылар Еуразиялық Экономикалық Одақ елдерінің қайсысы экономикалық рецессиядан бірінші шығуы мүмкін деген сауал төңірегінде зерттеу жүргізіпті.
Айта кетейік, ЕАЭО-ға мына мемлекеттер мүше: Ресей, Қазақстан, Беларусь, Армения, Қырғызстан және Молдава.
Аталған мемлекеттердің дағдарыспен күресу қауқарын білу үшін бірқатар экономикалық және саяси факторларға мән берілген.
Экономикалық критерийлер – ұжымдық басқару, шағын және орта бизнесті қаржылай қолдау, бизнестің тазалығы, жемқорлық деңгейі, сауда жасау еркіндігі. Саяси факторлардың негізгісі – билікке деген сенім.
ЕАЭО көлемінде коронавирустың алдын алу үшін ірі шараларды алғаш болып қолданған мемлекет – Қазақстан. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурыз күні Төтенше жағдай режимін енгізіп, барлық сауда орындарын, қоғамдық тамақтану орындарын тоқтатты. Сондай-ақ, адам көп жиналатын жиындарды да кейінге шегерді.
Қолданған шаралар нәтижесінде ЕАЭО елдерінің ішінде бірінші болып Қазақстан дағдарысты еңсермек-мыс. Екінші орында Ресей, үшінші Армения екен.
Басып шығару