Беларусь президенті Александр Лукашенко әріптестерін 19-мамыр күні Минск қаласында өтетін Еуразиялық экономикалық одақ көшбасшыларының саммитіне шақырды.
«Мен баршаңызды Минскіде күтемін және толық қауіпсіздік қамтамасыз етемін. Сіздер Беларусь астанасына келіп, әдеттегідей ләззат аласыздар», - деді ол.
Видеоконференциядағы бұл сөзді естіген Армения премьері Никол Пашинян мен Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков күлсе, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев таң қалған кейіп танытты. Ал Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин ешқандай эмоция танытпады.
Еуразиялық экономикалық одаққа 2020 жылы Беларусь төрағалық ететінін айта кеткен жөн.
Басып шығару