Кеше ғана қызметінен босаған Денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыров коронавирус жұқтырған. Бұл туралы министр Елжан Біртанов хабарлады.
Біртанов кеше кешқұрым Надыровты Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы етіп тағайындаған еді.
«Қала командасын күшейту үшін тәжірибелі маманды басшы етіп тағайындаған едік. Бірақ кеше түнде оның коронавирус жұқтырғаны анықталып, ауруханаға жатқызылды. Әріптесім – Камалжан Талғатұлының тез сауығып кетуін тілеймін! Осы жағдайға байланысты Алматы әкімінің келісімімен Т.Әбілдаевтың отставкасы тоқтатылды», - деді Біртанов.
Еске сала кетейік, кеше Камалжан Надыров Денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылып, оның орнына Людмила Бюрабекова тағайындалғаны айтылған еді.
Басып шығару