ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов аймақтардағы денсаулық сақтау басқармаларының басшыларын ауыстыру әкімдердің құзырында екенін, бірақ бұл туралы олар министрлікпен ақылдасуы керек екенін жеткізді.
Министрдің айтуынша, Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Тілеухан Әбілдаев қызметтен өз еркімен кеткен. Оның орнына, коронавирустың Алматыда күшейіп тұрғанын ескеріп, тәжірибелі басшы тағайындау қажеттігі туындаған.
Міне осы себеппен ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыров басқарма басшысы қызметіне тағайындалды.
Еске сала кетейік, біршама уақыт бұрын Алматы қаласының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Модағасымова да қызметтен кеткен еді.
Басып шығару