Тауар және қызмет сапасы комитетінің басшысы Людмила Бюрабекова қазақстандықтар коронавирусты анықтайтын тестті ақылы түрде тапсыра алады деп мәлімдеді.
«Бізде бірқатар демеушілер бар. Олар экспресс-тестті елге алып келуде. Біз бірнеше компанияға бір реттік тауар тасымалдауға мүмкіндік бердік. Алғашқы лек осы аптада келеді. Тест «Олимп» зертханасында жүргізіледі». Бұл тесттер адамның инфекция жұқтырғанын және жұқтырып, артынша жазылып кеткенін анықтай алады. Бірінші болып біз диспансерде есепте тұрғандарды, созылмалы және асқынған науқастарды, жалпы инфекция жұқтыру қаупі бар топтарды тексереміз», - деді ол.
Тесттен түрлі жастағы қазақстандықтар өте алады. «Олимп» зертханасы мұндай тесттерді ақылы жасайды.
«Жоғарыда айтқандай, біз ауыру қаупі жоғары топтарды тегін тексереміз», - деді Людмили Бюрабекова.
Айта кетейік, 26-наурыз күні елімізде коронавирус жұқтырған адамдар саны 88-ге жетті.
Басып шығару